---
«Адал азамат» бағдарламасының іске асуы.
«Адал азамат» бағдарламасының іске асуы. Мектебімізде «Адал азамат» бағдарламасы аясында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта Мектеп парламентінің мүшелері бастауыш сынып оқушыларымен түсіндіру әңгімелерін өткізді. Шара барысында оқушыларға адалдық, әділдік, жауапкершілік, достық пен еңбексүйгіштік сияқты адамгершілік құндылықтар туралы түсініктер берілді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде адал болудың маңызы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдары талқыланды.