Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Адал азамат» бағдарламасының іске асуы.
17
қараша
2025

«Адал азамат» бағдарламасының іске асуы.

*«Адал азамат» бағдарламасының іске асуы*

Мектебімізде «Адал азамат» бағдарламасы аясында жүйелі және жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағдарлама оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық, достық сияқты негізгі адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған.

Аталған бағытта Мектеп парламентінің мүшелері бастауыш сынып оқушыларымен арнайы кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстары жүргізді. Әңгіме барысында оқушыларға күнделікті өмірде адал болудың маңызы, әділеттілікке ұмтылу, өз ісіне және қоғамға жауапкершілікпен қарау секілді ұстанымдар түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, жағдаяттық сұрақтар мен пікірталастар ұйымдастырылды.

Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, адал азамат болу — тек мектепте ғана емес, қоғамда да маңызды екенін түсінді. Мұндай шаралар жас ұрпақтың бойында парасаттылық пен азаматтық ұстанымды қалыптастыруға үлкен үлес қосады. 

Бағдарлама аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.