Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сабақта бейімделген тапсырмалар құрастыру" тақырыбындағы арнайы педагогтың шеберлік сағаты
18
қараша
2025

"Сабақта бейімделген тапсырмалар құрастыру" тақырыбындағы арнайы педагогтың шеберлік сағаты

               18.11 күні мектептің әдістемелік жоспарына сәйкес арнайы педагогтың ұйымдастыруымен «Сабақта бейімделген тапсырмалар құрастыру» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) оқушылар үшін оқу тапсырмаларын жеңілдетіп, оларды қолжетімді форматта ұсыну бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

          Шеберлік сағаты барысында мұғалімдерге бейімделген тапсырмалардың түрлері, мазмұнды жеңілдету, оқу процесін ұйымдастыру, тапсырманың көлемін реттеу және визуалды қолдау құралдарын тиімді қолдану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, әр пән бойынша нақты мысалдар ұсынылып, тапсырманы жеңілдету оқу мақсатының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс екендігі атап өтілді.

Іс-шарада педагогтерге:
 - тапсырмаларды жеңілдету принциптері;
 - оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып бейімдеу әдістері;
 - визуалды және қолжетімді құралдарды пайдалану;
 - нұсқаулықтарды қысқа әрі түсінікті беру жолдары
 бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.

Шеберлік сағаты мұғалімдердің инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби тәжірибесін нығайтуға, ЕББҚ бар оқушылардың оқу үдерісіне тиімді қатысуын қамтамасыз етуге және оларды оқытуда саралау мен бейімдеу тәсілдерін жүйелі қолдануға бағытталды.
 
 

          18.11 в соответствии с методическим планом школы был проведён мастер-класс по теме «Разработка адаптированных заданий на уроке», организованный специальным педагогом. Цель мероприятия – повышение профессиональной компетентности педагогов в вопросах упрощения учебных заданий и представления их в доступном формате для обучающихся с особыми образовательными потребностями (ООП).

         В ходе мастер-класса учителям были разъяснены виды адаптированных заданий, способы упрощения содержания, особенности организации учебного процесса, регулирование объёма задания, а также эффективное использование визуальной поддержки. Кроме того, по каждому предмету были предложены конкретные примеры, подчёркнуто, что упрощение задания должно осуществляться при сохранении основной учебной цели.
 
 Педагогам были представлены методические рекомендации по следующим направлениям:
 - принципы упрощения учебных заданий;
 - методы адаптации с учётом индивидуальных возможностей обучающихся;
 - применение визуальных и доступных средств поддержки;
 - предоставление кратких и понятных инструкций.

  Мастер-класс был направлен на укрепление профессионального опыта педагогов в сфере инклюзивного образования, обеспечение эффективного участия обучающихся с ООП в учебном процессе и формирование системного подхода к использованию методов дифференциации и адаптации в обучении.