Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біздің мектепте буллингке жол жоқ» тақырыбында өткізілген дәрістер туралы./О проведении лекций на тему «В нашей школе нет места буллингу»
14
қараша
2025

«Біздің мектепте буллингке жол жоқ» тақырыбында өткізілген дәрістер туралы./О проведении лекций на тему «В нашей школе нет места буллингу»

«Біздің мектепте буллингке жол жоқ» тақырыбында өткізілген дәрістер туралы ақпарат

Мектебімізде қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру және оқушылар арасында өзара сыйластықты арттыру мақсатында «Біздің мектепте буллингке жол жоқ» тақырыбында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында 1–11 сынып оқушыларына арнайы дәрістер оқылып, буллингтің түрлері, оның зардаптары және алдын алу жолдары жан-жақты түсіндірілді.

Дәрістер мектеп психологы, сынып жетекшілері және әлеуметтік педагогтардың қатысуымен ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптарда (1–4 сынып) буллингтің қарапайым түсінігі ойын түріндегі жаттығулар арқылы жеткізілді. Оқушыларға бір-біріне мейірімді болу, ренжітпеу, жанжал туындағанда мұғалімге жүгіну қажеттілігі туралы түсінік берілді.

Орта буын оқушыларымен (5–8 сынып) буллингтің белгілері, оның эмоционалдық және психологиялық әсерлері, интернеттегі кибербуллинг мәселесі талқыланды. Арнайы бейнематериалдар көрсетіліп, қауіпсіз онлайн мінез-құлық дағдылары қарастырылды. Сонымен қатар, топтық жұмыс барысында оқушылар түрлі жағдаяттарды талдап, дұрыс шешім қабылдау жолдарын үйренді.

Жоғары сынып оқушыларына (9–11 сынып) буллингтің құқықтық салдары, жасөспірімдер арасындағы агрессияның алдын алу, құрдастар ортасында толеранттылық пен жауапкершілік қалыптастыру мәселелері бойынша тереңдетілген дәрістер өткізілді. Әлеуметтік педагог жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беріп, мектептегі қауіпсіздік саясаты түсіндірілді.

Іс-шара соңында барлық сыныптарда «Мен буллингке қарсымын» атты шағын пікірталас өткізіліп, оқушылар өз ойларын ашық білдіріп, құрдастарына қолдау көрсету маңызын атап өтті. Дәрістер қорытындысы бойынша мектепте буллингтің алдын алуға бағытталған ұсыныстар талқыланып, оқушылар арасында достық пен түсіністік атмосферасын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

О проведении лекций на тему «В нашей школе нет места буллингу»

В нашей школе в целях формирования безопасной образовательной среды и укрепления взаимоуважения среди учащихся была проведена комплексная информационно-разъяснительная работа на тему «В нашей школе нет места буллингу». В рамках данного мероприятия для учащихся 1–11 классов были организованы лекции, посвящённые видам буллинга, его последствиям и мерам профилактики.

Лекции проводились с участием школьного психолога, классных руководителей и социального педагога. Для учащихся начальных классов (1–4 классы) понятие буллинга объяснялось в доступной форме через игровые упражнения. Детям напоминалось о необходимости быть добрыми, не причинять вреда друг другу и обращаться к учителю при возникновении конфликтных жағдай.

Для среднего звена (5–8 классы) были затронуты вопросы распознавания признаков буллинга, его эмоционального и психологического влияния, а также проблема кибербуллинга. Учащимся показывались видеоматериалы, обсуждались навыки безопасного поведения в интернете. В групповой работе школьники анализировали различные ситуационные примеры и искали правильные пути решения.

Для старших классов (9–11 классы) были проведены углублённые лекции по правовым последствиям буллинга, профилактике подростковой агрессии, формированию толерантности и ответственности в ученическом коллективе. Социальный педагог разъяснил права и обязанности подростков, а также ознакомил учащихся с политикой безопасности в школе.

По итогам лекций во всех классах прошла мини-дискуссия «Я против буллинга», где учащиеся высказали свои мнения и подчеркнули важность взаимной поддержки. В завершение были обсуждены предложения по дальнейшей профилактике буллинга и укреплению атмосферы дружбы и взаимопонимания в школе.