Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Үй жағдайында артикуляциялық жаттығуларды орындау ережелері
04
қыркүйек
2025

Үй жағдайында артикуляциялық жаттығуларды орындау ережелері

Үй жағдайында артикуляциялық жаттығуларды орындау ережелері

Артикуляциялық жаттығулар – сөйлеу тілі мүшелерінің (тіл, ерін, жақ, таңдай) қозғалысын дамытуға арналған арнайы жаттығулар жиынтығы. Бұл жаттығулар дыбыстарды дұрыс айтуға, сөйлеу аппаратының бұлшықеттерін нығайтуға және баланың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

Артикуляциялық жаттығулардың маңызы:

  • Сөйлеу мүшелерінің қозғалысын дамытады;
     - Дыбыстарды анық және дұрыс айтуға көмектеседі;
     - Тілдің, еріннің, жақтың қимыл үйлесімділігін арттырады;
     - Баланың сөйлеу қарқыны мен дикциясын реттейді;
     - Жалпы сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.

Негізгі жаттығулар:

1. «Күрекше» – Тілді босаңсытып, жалпақ күйде төменгі ерінге қойып бірнеше секунд ұстап тұру.
 2. «Кесе» – Ауызды кең ашып, жалпақ тілді жоғары көтеріп, кесе пішініне келтіру.
 3. «Инеше» – Тілді жіңішкертіп алға шығарып, 10–15 секунд ұстау.
 4. «Саңырауқұлақ» – Ауызды ашып, тілді таңдайға жапсырып ұстап тұру.
 5. «Әткеншек» – Тілді үстіңгі және астыңғы тістер артына кезекпен созу.
 6. «Ат шауып келеді» – Тілді таңдайға жапсырып, ырғақпен қағу.

Орындау ережелері:

- Күн сайын 2–3 жаттығуды 3–5 минуттан өткізу;
 - Міндетті түрде айна алдында орындау;
 - Балаға қатесін бетіне баспай, дұрыс үлгі көрсету;
 - Жаттығуды ойын түрінде ұйымдастыру;
 - Жеңілден күрделіге көшу;
 - Әрқашан баланы мадақтап, ынталандыру.

Қорытынды: 

Артикуляциялық жаттығуларды жүйелі түрде орындау баланың сөйлеу дағдыларын дамытып, дыбыстарды дұрыс айтуына, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруына үлкен әсер етеді. Ата-ананың белсенді қатысуы мен қолдауы – табысты нәтижеге жетудің басты кепілі.