Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Психикалық дамуы шектелген оқушылардың ата-аналарына арналған ұсыныстар
03
қараша
2025

Психикалық дамуы шектелген оқушылардың ата-аналарына арналған ұсыныстар

Психикалық дамуы шектелген оқушылардың ата-аналарына арналған ұсыныстар

(Логопедтің ақпараттық кеңесі)

Психикалық дамуы шектелген балалардың оқу мен дамуда жетістікке жетуі көп жағдайда ата-ананың қолдауына байланысты. Үйде және мектепте бірлесіп әрекет ету – баланың әлеуметтік бейімделуін, тілдік және танымдық дағдыларын дамытуға көмектеседі.

1. Баламен қарым-қатынастағы негізгі қағидалар:

• Баламен үнемі сөйлесіп, қарапайым сөздер мен сөйлемдерді қолданыңыз;

• Оның ойын, сөзін тыңдап, толық жауап беруге ынталандырыңыз;

• Қателескен жағдайда сынамаңыз, жөндеп, үлгі көрсетіңіз;

• Баланың әр жетістігін мадақтап отырыңыз – бұл оның өзіне деген сенімін арттырады.

2. Тілдік және ойлау қабілетін дамыту жолдары:

• Күнделікті өмірде заттардың атын, түсін, көлемін айтып, сипаттаңыз;

• Суретпен, ертегімен, ойыншықпен жұмыс жасаңыз;

• Бірге сурет салыңыз, мүсіндеңіз, құрастырыңыз – бұл ұсақ моториканы және сөйлеу белсенділігін арттырады;

• Теледидар немесе гаджет алдында ұзақ отырмауын қадағалаңыз.

3. Үй тапсырмасын орындауда:

• Баланың жұмыс орны тыныш, жарық және ыңғайлы болсын;

• Тапсырманы шағын бөліктерге бөліп, жиі демалуға мүмкіндік беріңіз;

• Бір мезетте тек бір тапсырма беріңіз;

• Орындалған жұмысты міндетті түрде қолдап, бағалаңыз.

4. Эмоциялық қолдау:

• Баланың көңіл-күйін бақылаңыз, жақсы көңіл-күйде оқу тиімді;

• Сабырлы, жылы қарым-қатынас орнатыңыз;

• Егер бала шаршаса, оқу процесін тоқтатып, қысқа үзіліс жасаңыз.

5. Мамандармен бірлесіп жұмыс:

• Логопед, дефектолог, психолог, сынып жетекшісімен тұрақты байланыста болыңыз;

• Мамандардың ұсыныстарын орындау – түзету жұмысының нәтижесін арттырады;

• Үйде логопед ұсынған артикуляциялық жаттығуларды қайталаңыз.

Құрметті ата-аналар! Сіздің қолдауыңыз – балаңыздың дамуының басты кепілі. Бірге әрекет етіп, әрбір жетістікке қуанып, баланың мүмкіндігін ашуға үлес қосайық!


 Логопед: Уайтова А.С.