27
мамыр
2025
5-8,10 сыныптарда қазақ тілі пәнінен сыныптан сыныпқа көшу емтихандары өтті.
26-27 мамыр 2025 жыл аралығында 5 пен 8-ші сынып және 10 сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырды. Мемлекеттік тілді білу деңгейін бақылау мақсатында жүргізілген емтиханға 374 оқушы қатысты. Ол айтылым, тыңдалым және жазылым түрде өтті. Балалардың тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу сияқты дағдылары бағаланды.

