Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "«Денсаулығыңды сақта! Байыппен тамақтан. Спортпен өмір сүр» " тақырыбындағы сынып сағаты/Классный час на тему "Сохраняй своё здор-е! Живи со спортом"
15
қаңтар
2026

"«Денсаулығыңды сақта! Байыппен тамақтан. Спортпен өмір сүр» " тақырыбындағы сынып сағаты/Классный час на тему "Сохраняй своё здор-е! Живи со спортом"

Денсаулық – адам өміріндегі ең басты байлық. Ол болмаса, адам толыққанды өмір сүре алмайды. Сондықтан денсаулығымызды сақтау – әрқайсымыздың басты міндетіміз.
Дұрыс тамақтану – салауатты өмірдің маңызды бөлігі. Байыппен тамақтану дегеніміз – тағамды мөлшерлеп, пайдалы өнімдерді таңдау. Көкөністер, жемістер, сүт өнімдері, ет пен балық – ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне қажетті дәрумендер мен минералдарға бай тағамдар. Ал фастфуд, тәттілер мен майлы тағамдарды шектеу керек.
Спортпен айналысу – денсаулықтың кепілі. Жаттығу жасау бұлшық еттерді шынықтырып, жүрек пен қан тамырлары жүйесін нығайтады. Сонымен қатар, спорт көңіл-күйді көтеріп, энергия береді және аурулардың алдын алады.
Осыған орай, 1–4 сынып оқушыларына «Денсаулық және салауатты өмір салты» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағаты барысында балалар дұрыс тамақтану мен спорттың пайдасы туралы білді, ойларын ортаға салды және пайдалы әдеттерді үйренді.