Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Тамақтану мәдениеті мен ережелері" тақырыбындағы сынып сағаты/Классный час на тему: "Культура питания и правила приёма пищи"
11
қараша
2025

"Тамақтану мәдениеті мен ережелері" тақырыбындағы сынып сағаты/Классный час на тему: "Культура питания и правила приёма пищи"

Тамақтану мәдениеті – адамның денсаулығын сақтауда және салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңызды орын алады. Тамақты дұрыс әрі мәдениетті түрде ішу адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуіне, ас қорыту жүйесінің жақсаруына және жалпы денсаулықтың нығаюына әсер етеді.
Тамақтану мәдениетінің негізі – дұрыс тамақтану режимін сақтау. Тамақты күнделікті белгілі бір уақытта ішу пайдалы. Ас ішкен кезде асықпай, тамақты жақсылап шайнау қажет. Бұл асқазанға түсетін салмақты азайтып, тағамның жақсы қорытылуына көмектеседі.
Тамақтану кезінде тазалық сақтау да өте маңызды. Ас ішер алдында қолды сабындап жуу, таза ыдыстарды пайдалану – түрлі аурулардың алдын алады. Сонымен қатар, дастарқан басында өзін дұрыс ұстау, тамақпен ойнамау, ауыз толы тамақпен сөйлемеу – тамақтану мәдениетінің негізгі ережелері болып табылады.
Дұрыс әрі пайдалы тағамдарды таңдау да тамақтану мәдениетінің бір бөлігі. Көкөністер мен жемістерді, сүт өнімдерін, ет пен балықты жеткілікті мөлшерде тұтыну керек. Ал майлы, тәтті және зиянды тағамдарды шектеген жөн.
Осыған орай, 1–4 сынып оқушыларына «Тамақтану мәдениеті мен ережелері» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағаты барысында оқушыларға дұрыс тамақтану тәртібі, дастарқан басындағы әдеп ережелері және жеке гигиенаның маңызы түсіндірілді.
Оқушылар ас ішер алдында қол жуу, тамақты асықпай ішу, ауыз толы тамақпен сөйлемеу, тамаққа ұқыпты қарау сияқты негізгі ережелермен танысты. Сабақ барысында көрнекі құралдар қолданылып, сұрақ-жауап жұмыстары жүргізілді.