Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ДосболLike» бағдарламасының іске асуы
11
қараша
2025

«ДосболLike» бағдарламасының іске асуы

«Досболайық» бағдарламасының мектепте іске асуы

Мектебімізде оқушылар арасында өзара сыйластықты, мейірімділік пен достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Досболайық» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында жылдық жоспар жасалып, әр айда оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Циклограммаға сәйкес сынып сағаттары, тренингтер, пікірталас алаңдары ұйымдастырылып, оқушыларға достық, құрмет, жанашырлық, ынтымақтастық және өзара қолдау көрсету сияқты құндылықтардың маңызы түсіндірілді. Тәрбиешілер мен психологтар бірлесе отырып, оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін арттыруға бағытталған ойындар мен жаттығулар өткізді.

Сонымен қатар, «Дос қолы», «Жақсылық жаса», «Сынып достығы» атты акциялар арқылы балалар жақсылық жасау тәжірибесін іс жүзінде көрсете алды. Мектеп ішінде қолайлы, жылы атмосфера қалыптастыру, жанжалдардың алдын алу және оқушыларды бір-біріне құрметпен қарауға үйрету негізгі басымдықтардың бірі болды.

Бағдарлама нәтижесінде оқушылардың өзара түсіністігі артып, мектепте достыққа негізделген жағымды орта қалыптасуда.