«Бастауыш сынып оқушыларының оқу және жазу дағдыларын қалыптастырудың алғышарттары» «Формирование предпосылок чтения и письма у младших школьников»
Мектебімізде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларының оқу және жазу дағдыларын қалыптастырудың алғышарттары» тақырыбында семинар–тренинг өткізілді.
Семинарды мектеп логопеді Уайтова А.С. жүргізді.
Семинардың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының оқу және жазу дағдыларының дұрыс қалыптасуына қажетті алғышарттарды түсіндіру,
педагогтердің кәсіби тәжірибесін толықтыру және сабақ үдерісіне тиімді әдістерді енгізу.
Теориялық бөлімде қатысушылар фонематикалық естуді, көру және есту назарын, ұсақ моториканы, артикуляциялық аппаратты, сөздік қор мен грамматикалық құрылымдарды дамыту ерекшеліктері жөнінде жан-жақты ақпарат алды.
Практикалық бөлімде «Дыбыс тыңда және тап», «Әріпті сәйкестендір», моторикаға арналған жаттығулар, «Сөзден сөйлем құра» сияқты пайдалы тапсырмалар көрсетілді. Бұл жаттығулар балалардың оқу және жазу дағдыларын жүйелі дамытуға бағытталған.
Семинар соңында мұғалімдер ұсыныстармен танысып, әдістерді өз сабақтарында қолдануға дайын екендерін білдірді.
Іс-шара педагогтердің әдістемелік әлеуетін арттырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
В школе прошёл семинар–тренинг для педагогов начальных классов на тему
«Формирование предпосылок чтения и письма у младших школьников», который провела школьный логопед Уайтова А.С.
Цель семинара — ознакомить педагогов с основными условиями и предпосылками, необходимыми для правильного формирования навыков чтения и письма у учащихся начальных классов.
В ходе теоретической части участники получили информацию о развитии фонематического слуха, зрительного и слухового внимания, мелкой моторики, артикуляционного аппарата,
а также о значимости словарного запаса и грамматических конструкций в процессе обучения.
Практическая часть включала демонстрацию эффективных упражнений:
«Услышь и найди звук», «Соотнеси букву», задания на развитие моторики и упражнения на составление предложений.
Педагоги отметили практическую ценность тренинга и выразили готовность применять предложенные методы в своей работе.
Семинар способствовал повышению качества педагогической практики и обмену опытом.