Январь айындағы ЕНТға тіркелу басталды » №31 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №31»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Бухгалтерия
+7(7272) 57-08-69
Версия для
слабовидящих
» » » Январь айындағы ЕНТға тіркелу басталды
20
декабрь
2023

Январь айындағы ЕНТға тіркелу басталды

📢 Құрметті  мектеп бітіруші түлектер!
🔔 ҚР Ұлттық тестілеу орталығы 2024 жылдың январь айында өтетін ЕНТ-ға тіркелу app.testcenter.kz сайтында 20 декабрь мен 6 январь аралығында жүргізілетінін хабарлайды.
⏳Тестілеу 2024 жылдың 10 январьы мен 10 февральы аралығында өтеді.
✅ Тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:
1️⃣ Өз қалауымен ЖОО-ға ақылы негізде түсетін, орта білім беру ұйымдарын бітіретін 11 (12) сынып оқушылары;
2️⃣ Календарьлік жылы оқуын ақылы негізде жалғастыруы үшін ЕНТ нәтижесінде шекті балл ала алмаған, ЕНТ нәтижелері жойылған, немесе бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмегені үшін шартты негізде оқуға қабылданған тұлғалар;
3️⃣ ЖОО-да ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан, бірақ басқа білім беру бағдарламаларына ауысқысы келетін бірінші курс студенттері;
4️⃣ ЖОО-да ақылы негізде білім алып жатқан, бірақ «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламаларының біріне ауысқысы келетін студенттер.
💸 Тестілеуге қатысу құны – 4230 теңге.

‼️ Тестіленушілер ЕНТ-ға тіркелу кезінде тестілеуден өтетін орынды, күні мен уақытын өздері таңдайды.