Терроризмнен сақтану жолдары » №31 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №31»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Бухгалтерия
+7(7272) 57-08-69
Версия для
слабовидящих
» » Терроризмнен сақтану жолдары
23
май
2023

Терроризмнен сақтану жолдары

Алматы қаласы Түрксіб ауданы терроризмге қарсы күрес комитетінің кураторы полиция капитаны Қайынбай Д.Қ.Терроризм – қазіргі әлемде орын алып жатқан ХХІ ғасырдағы ең қауіпті қылмыстардың бірі. Терроризмнің түрлерінің бірі – білім беру мекемелерін басып алу. Лаңкестік – бұл қазіргі заманда болып жатқан құбылыс. Осыған орай, сапалы білім берумен қатар, бүгінгі таңда балабақшалар, мектептер, колледждер мен ЖОО басшылығының басты міндеттерінің бірі – өз оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Білім беру мекемесіндегі лаңкестікке қарсы іс-шаралар білім беру нысандарына шабуыл жасаудың алдын алуға көмектеседі. Олар белгілі бір құжаттарды әзірлеуден бастап, білім алушылар мен оқу орнының жұмыскерлеріне, оның ішінде аула сыпырушылар мен күзетшілерге нұсқау беруге дейінгі барлық шараларды қамтиды деп атап көрсетті. Куратор  оқыған лекция және презентациядан терроризмнің алдын алу бойынша көптеген мәліметтер мектеп ұжымына берілді.