Жадыраған жаз мезгілі » №31 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жадыраған жаз мезгілі
30
мамыр
2023

Жадыраған жаз мезгілі

Жаз – демалыс үшін тамаша кезең. Бір минутты бос өткізбей, таза ауада көбірек болуға, қыдыруға талпыну керек. Алайда, күнге күйіп, суға шомылып, орманда серуендеп жүріп, осы мезгілге тән қауіп-қатерлер жайлы да ұмытпаған жөн.

Күннің қандай пайдасы бар?

Күн көңіл күйді көтеріп, күйзелістің алдын алады. Өз кезегінде, көңіл күйге жауап беретін заттектер иммундық жүйені күшейтеді. Ультракүлгін сәулелер ағзада жүріп жатқан көптеген процесстерді – тыныс алу, зат алмасу, қан айналу мен эндокриндік жүйенің жұмысын күшейтеді. Бұдан өзге, күн сәулесінің әсерінен ағзамыз D дәруменін өндіреді.
Қызық дерек: Күн сәулесінің әсерінен синтезделетін D дәруменінің мөлшері мына факторларға байланысты: сәуле толқынының ұзындығы мен терінің әуелгі пигменттігіне. Күн астында таңертең және күн батарда жүрген пайдалы, сонымен қатар, тері неғұрлым қара торы болса, күн сәулесі әсерінен D дәрумені соғұрлым аз өндіріледі.
D дәрумені кальций мен фосфор минералдарын сіңіруді реттейді. А дәрумені, кальций және фосформен бірігіп, ағзаны суық тиюден, көз және тері ауруларынан қорғайды. Тіс кариесі мен қызыл иек патологиясының алдын алады, сүйектердің, омыртқаның беріктігіне жауап береді, остеопороздан қорғайды. Алайда бұл ағзаны осы дәрумендермен қамдау үшін шыжыған күннің астында жата беру керек дегенді білдірмейді. Ағзада D дәруменінің қажетті деңгейін қалыпта ұстап тұру үшін жаз айларында аптасына 2-3 рет 5-15 минут қол мен бетті күнге қыздырып алса жеткілікті.
Есте сақтайтын жайт: Күн ваннасын сағат 11-ге дейін немесе сағат 16-дан кейін қабылдаған жөн. Қалған аралықта көлеңкеде отыру керек.