Кибербуллинг деген не, зардабы қандай? » №31 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кибербуллинг деген не, зардабы қандай?
03
қаңтар
2022

Кибербуллинг деген не, зардабы қандай?

Кибербуллинг деген не, зардабы қандай?

Интернеттің қолдану аясы кеңейген сайын ақпараттық кеңістікте адамның қауіпсіздігіне байланысты небір терминдер өмірге келуде. Бұл терминдердің пайда болуына жаңа факторлардың ықпалы бар. Соңғы жылдары ғаламторда балаларға жасалатын зорлық-зомбылықтың көбейгені көңілге алаңдаушылық тудырады. Ғалымдар осы құбылысты "кибербуллинг" деп атады.Буллинг пен кибербуллинг баланы өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізеді. Қазіргі таңда еліміздегі жасөспірімдердің 12 пайыздайы осы кибербуллингтен зардап шегеді екен.Осы мәселе турасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қи­мыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жол­дауында «Балаларды кибербуллингтен қор­ғау жөніндегі заңнамалық шараларды қабылдайтын кез келді. Балалар құқын қорғау жөніндегі басқа да шараларды күшейту керек», деген болатын. Бүгінде жат ағымның жетегінде кеткен жастардың басым көпшілігін де осы кибершабуылдың құрбаны деп қарауға болады.Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін. Қоғамда “буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады” деген түсінік қалыптасқан. Шындығында, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін. Ал құрбанға топ болып әлімжеттік жасауды моббинг дейді.Мамандар да кибербуллингтің, әсіресе пандемия кезінде, өршіп тұрғанын айтып жүр. Кибербуллинг – интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін.Осы күні ғаламторда баланың өз-өзіне, жақындарына, туыстарына қол жұмсауына итермелейтін ойындар да аз емес. Бұдан бірнеше жыл бұрын кибербуллингтердің "жемісі" саналатын «Көк кит», «Тыныш үй», «Мені сағат 04:20-да оят», «Қызыл жапалақ», «Киттер мұхиты», «Құс жолы», «NaN», «F57» сынды ойындар дүние жүзін дүрліктіргені белгілі. Енді осындай қауіпті ойындардың қазақ тілінде де пайда бола бастағаны жұртшылықты алаңдатуда.