Оқушы құқығы мен міндеті » №31 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушы құқығы мен міндеті
12
шілде
2021

Оқушы құқығы мен міндеті

Оқушы құқығы мен міндеті

 
Ата заңның1 бабының1-тармағында»Қазақстан өзінің ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныктырады деген.
Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье,И.Кант,Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би және Абай адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын,тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?
1989 жылдың 20-қарашасында Бала құқықтары туралы ковенция қабылданып,1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды.
Баланың негізгі құқықтыры мен міндеттері.
8-бап.Әрбір баланың денсаулығын сақтауға құқығы бар.
9-бап.Әрбір бала туған сәтінен бастап аты, әкесінің аты, тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқылы.
10-бап.Әрбір баланың өмір сүруге,жеке басының бостандығына,қадір-қасиетіне жәнеөміріне қол сұғылмауға құқығы бар.
11-бап Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығы бар.
15-бап.Әрбір баланың білім алуға құқығы бар.
Конституция-ерікті елдің құқы
Конституция ерікті елдің құқы,
Адам құқы,алдымен ердің құқы.
Мемлекетім жан-жақты дәйектелген,
Конституция-алтын заң,елдің құты.
Ол бойынша бекіген бостандығым,
Ол бойынша сақталған сөз сандығым.
Ол бойынша тілім де мемлекеттік,
Қуаттайдымұны бар достар бүгін.
Ол бойынша сайлаймын,сайланам да,
Ол бойынша біртұтас бай далам да.
Сансыз ұлттың өкілі бірордада,
Тең құқылы барлығы айналамда.
Қалауымша оқимын,білім алам,
Еңбек етем,қартайсам тыным алам.
Емделемін ауырсам заңды түрде,
Өз елімде қастерлі, құрметтімін,
Қорламайды ешкім де тілдеп қырын.
Тәртіп бұзсам немесе қылмыс қылсам,
Заң алдында жауапқа міндеттімін.
Баға жетпес құным бары,
Еркін шыққан ерекше үнім бары,
Елтаңбалы жығылмас туым бары-
Алтын заңда айтылған мұның бәрі.
2 - бөлім
«Құқықтық сауаттылық – заман талабы».
1. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
2. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?
(БҰҰ).
3.БҰҰ-ның мақсаты не?(Әлемде бейбітшілікті сақтау,адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау).
4.Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?
(1995 ж.Нью-Иорк қаласында156-мемлекет болып қол қойды).
5.Қазақстан Республикациясының азаматтары қандай білім алуға міндетті?(орта).
6.Қазақстанның әрбір азаматының ең басты құқығын ата.(әркімнің өмір сүруге құқығы бар).
7.Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
(2002 жылы 8-тамызда).
8.Заң бойынша бала деп кімді атайды?(18 жасқа толмаған адам).
9.Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды?(1989 жылы 20- қарашада).
10.Әлемде ең алғаш конституция қай елде жазылған? (АҚШ-та).
11.Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не?(Бостандық).
12.Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы(16 жас,ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады).
13.Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды?(1948 жылы 10-желтоқсанда).
14.Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар?(14 жастан).
15.Қазақстандағы ең қымбат қазына (адам).
16.»Жеті жарғы» заң жинағының авторы (Тәуке хан).
17.Қазақстан БҰҰ-ға қашан мүше болды?(1992 жылы).
18.Ө¬з тағдырыңды өзің шешудің тарихи мүмкіндігі(тәуелсіздік).
19.Отанға деген сүйіспеншілік (патриотизм).
20.Баланың құқығы туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады?(10 тарау,53 баптан).
3 - бөлім
«Сандар сөйлейді».
1-маусым - Балаларды қорғаудыңхалықаралықкүні.
20-қараша - Дүниежүзілік балалар күні.
10-желтоқсан - Адам құқығы күні.
10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959 жыл Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу декларациясын жариялаудан бастады.
1979 жылы-Балалардың халықаралық жылы өтті.
20-қараша 1989жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.
28-қаңтар 1993жылы Қазақстанның Конституциясы қабылданды.
8-маусым 1994 жылы Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті.
30-тамыз 1995 жылы Қазақстанның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда екінші рет қабылданды.
Қорытынды: Құметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызда өзіміздің құқығымыз бен міндетіміз және құқық туралы білетін білімімізді ортаға салдық. Біздер өз ойымызды еркін айтуға, өзгелерден білгіміз келгенін сұрау құқығын жүзеге асырдық.. Қазақ ұлты қайырымдылықты,ымырашылдықты қолдайды.
 Еліміздің бірлігі мен білімділігі келешек ұрпақ үшін үлкен міндет жүктейді.