Қайырымдылық акциясы
10 қаңтар мен 10 ақпан 2018 жыл аралығында республика аумағында «Қайырымдылық акциясы» өткізілуде. Осыған орай №31 жалпы білім беретін мектебімізде «Қайырымдылық – имандылық белгісі» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп ұжымы және ата-аналар бір кісідей ат салысты. Мектебіміздің әлеуметтік педагогы Уйсинбаева Жанат Сакенқызының газет-журналдарда мақаласы жарық көрді. Атап айтсақ, «Алматы ақшамы» газеті 27 қаңтар 2018 ж. №11 (5518) «Жан шуағымен де жылытыңыздар», «Ұстаз – мектеп тірегі» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында №1 қаңтар, 2018 ж. «Қайырымдылық – имандылықтың белгісі», «Профсоюзная жизнь Казахстана» ғылыми-публицистикалық журналының тілшісі Қайрат Ағыберген Уйсинбаева Жанат Сакенқызынан қайырымдылық іс-шарасы туралы сұхбат алды.