№31 жалпы білім беретін мектеп » №31 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №31 жалпы білім беретін мектеп
20
қаңтар
2015

№31 жалпы білім беретін мектеп

№31 жалпы білім беретін мектепБүгінгі күні еліміздебарлық салада даму өте жедел түрде жүзеге асуда. Дамудың негізі – білімде.Қазіргі қоғам ұстаздар қауымынан биік парасатты , әлемдік бәсекеге қабілетті, мықты біліммен сусындаған ұрпақ тәрбиелеуді талап етеді.Алматы қаласы ұстаздары Алатаудай заңғар биік болуы - заңдылық. Сондықтан Алматы қаласының ұстаздарына қашан да қойылар талап пен артылар сенім зор. Сол сенімнің биігінен көрініп жүрген ұстаздар қауымы өзім басшылық ететін №31 жалпы білім беретін мектепте де қызмет етеді.

№31 жалпы білім беретін мектепте 2012 жылдан бері директорлық қызмет етемін. Мектеп жетістіктері де аз емес. Мектепте 2007-2011 жылдар ішінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Сол жылдары мектебіміз аудандық, қалалық түрлі байқаулар, сайыстар, жарыстардан жүлделі орындарды иемденді. Оқушы жетістігі – мұғалімнің ерен еңбегінің нәтижесі. Сондықтан өз өмірін, жетістігін оқушы өмірімен, жетістігімен байланыстырған ұстаздарымыздың жетістіктерін айтсам:

·Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бектұрғанова Г.Ә қалалық «Жыл мұғалімі 2006» байқауының жеңімпазы, «Таза, мінсіз асыл сөз» номинациясының иегері атанып, Білім және Ғылым министрілігінің «Алғыс хатымен» марапатталды;

·Оқушылардың аудандық, қалалық пәнаралық олимпиададан жүлделері :

·Мамиева Дана (11 – сынып) тарих пәнінен қалалық олимпиада , жүлделі ІІІ орын.(2008 жыл, мұғалімі – Мамиева А.М.)

·Наурызбекова Әлия (9-сынып) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық олимпиадада «Құрмет грамотасымен» марапатталды. (2010ж, мұғалімі- Бектұрғанова Г.Ә.)

·Арсаланова Мөлдір(10-сынып) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық олимпиадада «Құрмет грамотасымен»марапатталды. (2011ж,мұғалімі- Бектұрғанова Г.Ә.)

·Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасы мен қалалық Білім басқармасының басшылығымен өтетін Сүлеймен Демирел университетінің арнайы ГРАНТЫН 2007 ж. Аймұхаметова Салтанат жеңіп алса, 2008 жылы 11-сынып оқушысы Мамиева Дана иеленді.

·Қалалық «Шәкәрім оқулары-2008» байқауында «Үздік жетекші» номинациясымен Бектұрғанова Г.Ә. марапатталды.

·2007 жылы 11 сынып түлектері Мамиев Нұрлан мен Аймұхаметова Салтанат «Алтын белгі» иегері атанса (сынып жетекшісі Мамиева А.М.);

·2010 жылы Қашқынбай Іңкәр ҰБТ-да 123 балл жинап, «Алтын белгі» иеленді. (сынып жетекшісі Бектұрғанова Г.Ә.);

Оқушылардың түрлі шығармашылық қабілеттерінің ашылуына жағдай жасай білген ұстаздар Республикалық оқушылар үйі жанынан ашылған «Шығармашылық орталықпен» де тығыз байланыста болып, айтарлықтай жетістіктерге ие болды:

·«Жан Азық» танымдық ойынына қатысып, белсенділік танытқаны үшін мектебіміздің командасы марапатталса, Мамиев Нұрлан ерекше көзге түскені үшін марапатталды. (2007ж)

·2009 жылы Әмірова Әйгерім «Қыз өссе-tлдің көркі» байқауында жақсы өнер көрсеткені үшін марапатталды. (жетекшісі БектұрғановаГ.Ә)

Қалалық , аудандақ түрлі мәнерлеп оқулардан мұғалімдер де, оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болып жүр:

·Қалалық «Абай оқулары-2005»байқауынан «Өлең-сөздің патшасы...» номинациясы бойынша ІІІ орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бектұрғанова Г.Ә. иемденсе, оқушылар арасынан

·Әмірова Әйгерім аудандақ «Абай оқуларында» (2007,2008,2009ж.) жүлделі 1,2-орынды иемденді.

·2009 жылы 10 «А» сынып оқушылары «Тұран» университеті ұйымдастырған сайыста жүлделі орын иемденіп, мұғалімі Бектұрғанова Г.Ә. «Тұран» университетімен бірлесе жүргізген шығармашылық жұмыстары үшін» алғыс хатпен марапатталды.

Сапалы білімді тәрбиемен ұштастыра білген ұстаздар мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін елге еңбегі сіңген тұлғаларымызбен кездесу кешін өткізіп отырады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері ӘБ ұйымдастыруымен өткен «Тарлан ақынға тағзым» атты ақын Мұхтар Шахановпен әдеби кеш (2013 жылдың қазан айында) өтті. Кеш туралы «Алматы ақшамы» газетінде де мақала жарық көрді.

«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан Ұстазға жүктелетін міндет ауыр», - дей отырып

Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуды ғана емес, тарихи танымдық, саяси экономикалық білімділік, педагогикалық-психологиялық және ақпараттық сауаттылықты талап етеді.

Сол талапқа сай болу үшін мектеп мұғалімдері «Өрлеу», ПШ біліктілікті арттыру ұлттық орталықтарында, Назарбаев университетінің зияткерлік мектебі мен Ұлыбританияның Кембридж университеті оқытушыларымен бірігіп әзірлеген бағдарлама бойынша екінші және үшінші деңгейлі біліктілікті арттырудың 3 айлық курстарын өтіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің сертификаттарын алды.

Жаңалық пен жақсылық – егіз ұғым . Осы 1 жылдың өзінде, атап айтсақ, соңғы 5 айдың ішінде жеткен жетістіктер – мектеп ұстаздары мен оқушыларымыздың оқу жылын жаңа ғимаратта бастауымен байланысты деп есептеймін. Мектебіміздің биыл жаңадан бой көтеруіне - Елбасының бастамасының іске асуына атсалысқан Түрксіб ауданы әкімі В.Н.Устюгов пен аудандық білім бөлімінің басшысы М.Қ.Бұзаубековке айтар алғысымыз – шексіз.

Биылғы жетістіктеріміз:

oАудандық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасында 10 жүлделі орындар;

oҚалалық пән олимпиадасына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қатысқан 11- сынып оқушысы Рахымжан Жазира ІІ орын иеленіп, Республикалық пән олимпиадасына жолдама алды. (мұғалімі Бектұрғанова Г.Ә.)

Қазақ-Қытай университетімен Түрксіб ауданы ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл - айбыным» байқауы мектепті, мұғалімді, оқушыларды, мектептен қатысқан оқушылар командасын грамоталармен марапаттады.

2013 жылдың 11 қарашасында өткен аудандық «Менің елім, менің жерім» атты сайыста7 «Ә» сынып оқушылары І орын иеленді.

Оқушыларды ғылыми жұмысқа дайындау да бір жолға қойылған. Мектебімізде «Жас ғалым» ұйымы жұмыс істейді. Оқушылардың қарым-қабілетінің ашылуына жол ашқан ұстаздардың шәкірттері аз уақытта аудандық, қалалық, Халықаралық деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізді.

Биылғы оқу жылында аудандық, қалалық ғылыми жобалар сайысында мектеп оқушылары әдебиет секциясы, тарих, орыс әдебиеті секциялары бойынша қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті:

oХалықаралық ғылыми жобалар байқауынан (Ресей,Чебоксары қаласы) 5 «Ә» сынып оқушысы Бодан Ілияс жүлделі ІІ орынмен марапатталды.(жетекшісі Алиева Г.А.)

oҚалалық «Дарын» ғылыми жобалар байқауында (2013ж.) 11 сынып оқушысы Рахымжан Жазира ІІ орынмен марапатталды. (жетекшісі Бектұрғанова Г.Ә.)

oҚалалық ғылыми жобалар байқауында (2013 жыл) 8- сынып оқушысы Жандос Диана ІІІ орынға ие болды.(жетекшісі Жұмабекова А.А.)

Осы оқушыларға жетекшілік еткен мұғалімдер үстіміздегі жылдың (2014ж) қаңтар айында аудан мұғалімдеріне іс-тәжібесін тарату мақсатында семинар өткізді. Аудандық оқу бөлімінің бас маманы З.Р. Атамқұлова бастаған аудан мектептері мұғалімдері семинар соңында жақсы пікірлерін білдірді.

Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде биік межеден көрініп, игі істерімен құрметке бөленген педагогикалық ұжымның алдағы уақытта да үлкен табыстарға жетеріне сенімім мол.

 


1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 23 Вперед