11
сәуір
2026
"Алматы дарыны" ұйымдастырған қалалық таланттар саммиті
9-10 сәуір күндері 8 «Б» сынып оқушысы Кизин Кирилл және информатика пәнінің мұғалімі Акбержанова Айдана Бөкенқызының жетекшілігімен Алматы қаласында «Алматы дарыны» ұйымдастыған қалалық таланттар саммитіне қатысып, үлкен тәжірибе
мен шабыт алып қайтты. Бұл - ғылыми жоба бойынша жеткен жетістіктің нәтижесінде іріктеліп барған маңызды кезең.
Саммит аясында Кизин Кирилл оқушыларға арналған шеберлік сағаттарына қатысып, жобаны орындағаны үшін сертификатпен марапатталды. Ал жетекшісі педагогтің біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында «Дарынды оқушылармен жұмыс: жобалық және зерттеушілік құзыреттерді қалыптастыру әдістері» тақырыбындағы 16 академиялық сағат көлеміндегі курсты сәтті меңгеріп, сертификат алды.
Саммит барысында оқушымыз да, мұғалім де белсенділік танытып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Бұл жетістік - тынымсыз еңбектің үздіксіз ізденістің және сапалы дайындықтың нәтижесі. Оқушымызға және мұғалімге алдағы уақытта жаңа белестер мен үлкен жеңістер тілейміз!