16
сәуір
2025
«Jas Skills Almaty – 2025» аймақтық чемпионатындағы жеңіс
«Jas Skills Almaty – 2025» аймақтық чемпионатында "Ақпараттық кабелдік желілер" құзыреттілігі бойынша 9 сынып оқушысы Бобровский Артём І орынның иегері атанды. Чемпионат жас мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға, техникалық шеберлігін арттыруға және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға бағытталған.
Артёмнің нәтижелі көрсеткішіне қол жеткізуіне эксперт-компатриот, жетекшісі — Тилекеева Назира Нурлановна әдістемелік және кәсіби қолдау көрсетті. Жеңімпаздың жұмысы жоғары бағаланып, ақпараттық технологиялар саласындағы дағдылары аймақтық деңгейде мойындалды.