Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік іс-шара
18
наурыз
2026

Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік іс-шара

Жалпы білім беретін Nº31 мектепте Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Бұл білім ордасында әртүрлі ұлт өкілдерінің балалары білім алады. Сондықтан шараның басты мақсаты - олардың басын қосып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, ұмытылып бара жатқан көне жәдігерлерін насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды.Мерекелік кеш барысында оқушылар қазақтың  әдет-ғұрыптарын таныстырып, ұлттық ойындар мен дәстүрлерді сахналық қойылымдар арқылы көрсетті. Бұл өз кезегінде жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, достық пен бірлікті нығайтты.Сонымен қатар, шара аясында жиналған қауымға келіп жеткен Жаңа жыл - Наурыз мерекесіне орай ақжарма тілектер айтылып, барша халыққа құттықтаулар
жолданды.