Мектебіміздегі жеке қауіпсіздік туралы өтілген сынып сағаттары
13.04.2026 күні мектебімізде жеке қауіпсіздік тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары, сондай-ақ өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызы түсіндірілді. Оқушылар түрлі жағдаяттарды талқылап, қауіптің алдын алу жолдарын үйренді. Жеке қауіпсіздік - әр адамның басты құндылығы екені айтылып, оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.