"Жас құтқарушылар" сайысы » №31 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №31»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Бухгалтерия
+7(7272) 57-08-69
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » "Жас құтқарушылар" сайысы
19
май
2023

"Жас құтқарушылар" сайысы

Құтқарушылар күніне орай білім беру ұйымдарында төтенше жағдайлар кезінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық «Жас құтқарушылар» сайысы өтті. Жарысты аудандық төтенше жағдайлар қызметі мен өртке қарсы күрес мекемесі ұйымдастырды. «Жас құтқарушылар» тобының жұмыстарын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған бұл сайысқа аудандағы 11 мектептің командалары қатысты. Жарысқа 9-10 сынып оқушыларынан құралған мектеп командасы қатысып, белсенділік танытты.
  Жарыс оқушыларды төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдыларына үйретуді, өзгелердің қауіпсіздігіне деген жауапкершілікті арттыруды, сондай-ақ, олардың «Өрт сөндіруші» және «Құтқарушы» мамандықтарына кәсіби бағытталуын нығайтуды мақсат етті.