Мектепке барар жол » №31 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №31»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Бухгалтерия
+7(7272) 57-08-69
Версия для
слабовидящих
» » Мектепке барар жол
15
август
2019

Мектепке барар жол

Ағымдағы жылы республикада көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы оның дәстүрлі басталуына бір ай ерте, июль айынан басталғандығы өздеріңізге белгілі.

«Ата мекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы құрылды.

Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Бұл платформа жыл бойы жұмыс жасайды.

Ата-аналардан немесе оларды алмастырушы тұлғалардан түскен өтініштер ұлттық білім беру дерекқорының мәліметтерімен салыстырылатын болады, одан кейін көмек атаулы түрде бөлінетін болады.

Сонымен қатар, көмек көрсетудің дәстүрлі әдістері жалғасатын болады.

Сонымен бірге, балалардың құқықтарын бұзу фактілері бойынша жедел әрекет ету және шаралар қабылдау үшін «Телеграмм» мессенджерінде "BALA QORAÝ" ("https://t.me/bala_qorgau) чат құрылды.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастық арасында «Мектепке жол" платформасы мен телеграмма-чат қызметі туралы кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Сонымен қатар, ата-аналарға осы платформада өтінім толтыру бойынша көмек көрсету үшін әлеуметтік педагогтар қатарынан білім беру ұйымдарында жауапты мамандарды белгілеуді сұраймыз.

Қабылданған шаралар туралы 2019 жылғы 20 августға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне хабарлауды сұраймыз.

Мектепке барар жол
Мектепке барар жол

Похожие публикации:

04 март 2016 Хабарландыру
21 январь 2015 Хабарландыру