ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ » №31 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №31»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Бухгалтерия
+7(7272) 57-08-69
Версия для
слабовидящих
» » ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
18
март
2021

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Мерекелердің төресі және ең көнесі, жер ананың омырауы иіп, тұла бойы исінетін, табиғат жан-дүниесімен жадырап, өзегінен қауашақ жарып, көкөрім өмірдің нәрін көктететін, тіршілік біткеннің тулай аққан қанын жаңаша жасартатын, ең бастысы жасанды емес, табиғаттың өзі, Тәңірдің қалауымен тойланатын текті мереке. Март – жеті дәмнен нәрлі көже жасап, жаттың да жақынның да бір-біріне дәм татқызатын, ақ дастарқан басында алқа-қотан бірге ас ішетін ынтымақ пенбірліктің мерекесі. Март – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін көңіл-күйдің мерекесі. Жаңа жыл – Ұлыстың ұлы күні Март мерекесі құтты болсын! Баршаңыз адамдық игіліктердің ең құтты да қуанышты, ырысты да тынысты жақсылықтарымен қауышыңыздар! Әз Март құтты болсын, Қазақ елі!