Құттықтаймыз, Поздравляем! » №31 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №31»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Бухгалтерия
+7(7272) 57-08-69
Версия для
слабовидящих
» » Құттықтаймыз, Поздравляем!
03
июнь
2020

Құттықтаймыз, Поздравляем!

Қымбатты түлектер!


    Баршаңызды мектеп битирулеринизбен  шын жүректен құттықтаймыз!!    Бұл мерекені оқушы, мұғалім және ата-аналардың 11 жыл бойғы  білім жолындағы  атқарған еңбектерінің ортақ жемісі деп білеміз.    Құрметті түлектер!
    Бүгін Сіздер орта мектепті тәмәмдап, арман жетегінде сан тарапқа тарап, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыңдар.    Біз Сіздерді бүгінгі жастардың бойында болу керек  құндылықтарға тәрбиелей отырып, отаншыл, қазақстандық патриоттық сезімі қалыптасқан, білім бәсекесіне төтеп бере алатын,  санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік  құндылықтарын бойына сіңірген, үштілді еркін меңгерген, бүгінгі жылдам өзгеріп жатқан заманда инновациялық өзгерістерге дайын  тұлға болуға  бейімдедік.      Сіздер еліміздің ертеңін құратын  жалынды жастарысыздар.     Биыл мектебімізде 25 түлек бітіріп отыр. 11 жыл бойғы оқу еңбектеріңіздің толағай жетістіктері  бізді қуантады. Биз үлкен мақтанышпен оларды атап өткімиз келеді.1.Екі түлегіміз –  Еңсегенова Асем Қанатқызы мен Данебек Аяулым Қыдырханқызы «Алтын белгіге», 7 түлегіміз Қабатова Аида Меделхановна,  Жылқыайдарова Таңшолпан Дәулетханқызы, Жанибекова Айдана Умирбекқызы,Қоқымбай Абылайхан Оңдасынұлы,Әбдіразақ Нұрдос Досболұлы ,Бодан Ильяс,Садыбеков  Әділет Нүркенұлы «Лучший аттестатқа» үміткер болып отыр.
     Құрметті түлектер!    Сіздер өмір бойы өсірген, оқытып, тәрбиелеген ұстаздарыңыздың, ата-аналарыңыздың сіңірген ұшан теңіз еңбектерін  жүректеріңізде ерекше құрметпен  сақтап өтеді деп сенемін. Алда тұрған,ЕНТ сынағынан сәтті өтулеріңізге тілектеспіз.
    Қадам басып отырған  жаңа өмір жолында Сіздерге бәсекеге қабілетті білім,     креативті көзқарас, шығармашыл ой-өріс   өмірлік серіктеріңіз болсын.     Алған білімдеріңіз бен барлық күш-жігерлеріңізді Тәуелсіз еліміздің игілігін арттыруға, одан әрі нығайтуға жұмсайды деп сенемін. 
        
        Баршаңызға  сәт сапар, ақ жол тілейміз!

Похожие публикации: