Сенбілік » №31 мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №31»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Бухгалтерия
+7(7272) 57-08-69
Версия для
слабовидящих
» Сенбілік
20
март
2019

Сенбілік

20.03.2019ж. күні №31 жалпы білім беретін мектеп аумағын тазалау, көгалдандыру  бойынша март мейрамы қарсаңында сенбілік өткізілді.                         

Сенбілік басталмай тұрып, мектеп оқушылары мен қызметкерлері аумақтарды тазарту кестесін алып,  өзара тазалау аймақтарын бөліп алды.                                         

Мектеп  жолдарын сыпыру қыздарға бұйырса, көгалдан шыққан сынған бұтақтардан тазалап, қыс бойы үйілген қоқысты жинау жігіттердің қолына өтті.                    

Жиналған қоқыс пен сынған бұтақтарды үлкен жүк көліктеріне тиеп, мектептен алып кетіп жатты.                                                                                                             

Бүгін біздің мектептің барлық қызметкерлері сенбілікке шықты, себебі бұл барлық азаматтар үшін ортақ міндет болып табылады, өйткені қаламыз Ұлы Март мейрамы алдында таза, әдемі болуы керек деп есептейміз. Айналаны тазалап, ретке  келтіру – әрбір адамның борышы, сондықтан біз осындамыз », – деді мектеп қызметкерлері.Сенбілік
Сенбілік
Сенбілік
Сенбілік
Сенбілік
Сенбілік
Сенбілік
Сенбілік
Сенбілік
Сенбілік