Қаңтар айындағы ҰБТға тіркелу басталды » №31 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қаңтар айындағы ҰБТға тіркелу басталды
20
желтоқсан
2023

Қаңтар айындағы ҰБТға тіркелу басталды

📢 Құрметті  мектеп бітіруші түлектер!
🔔 ҚР Ұлттық тестілеу орталығы 2024 жылдың қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға тіркелу app.testcenter.kz сайтында 20 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында жүргізілетінін хабарлайды.
⏳Тестілеу 2024 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында өтеді.
✅ Тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:
1️⃣ Өз қалауымен ЖОО-ға ақылы негізде түсетін, орта білім беру ұйымдарын бітіретін 11 (12) сынып оқушылары;
2️⃣ Күнтізбелік жылы оқуын ақылы негізде жалғастыруы үшін ҰБТ нәтижесінде шекті балл ала алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, немесе бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмегені үшін шартты негізде оқуға қабылданған тұлғалар;
3️⃣ ЖОО-да ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан, бірақ басқа білім беру бағдарламаларына ауысқысы келетін бірінші курс студенттері;
4️⃣ ЖОО-да ақылы негізде білім алып жатқан, бірақ «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламаларының біріне ауысқысы келетін студенттер.
💸 Тестілеуге қатысу құны – 4230 теңге.

‼️ Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеуден өтетін орынды, күні мен уақытын өздері таңдайды.