Хабарландыру ( әлеуметтік педагог лауазымына) » №31 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Хабарландыру ( әлеуметтік педагог лауазымына)
23
маусым
2023

Хабарландыру ( әлеуметтік педагог лауазымына)

   Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қарашада № 25349 болып тіркеген бұйрығына сәйкес  Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу тәртібі ережесіне сәйкес КММ Алматы қаласы Түрксіб ауданы  "ЖББ №31 мектеп"КММ конкурс жариялайды.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы, "ЖББ №31 мектеп"КММ ,  мекен жайы: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы  Гете 261,  байланыс тел: 8(727) 251-67-33 электронды почта almatyschool31@mail.ru
Әлеуметтік педагог- уақытша 1 ставкалық бос лауазымдық орын. еңбекке ақы төлеу: жүктемесі, еңбек өтілі мен санатына сәйкес   негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы;
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары;
құжаттарды қабылдау мерзімі:  2023 жылғы 23 маусымнан  07 шілде  11.00-ге  дейін  

Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Қажетті құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды жоғарыда көрсетілген мекен жайға электрондық (1 PDF) немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері  (Білімі туралы диплом күндізгі бөлімді бітірген математика пәні мұғалімі, Біліктілігі/Санаты туралы куәлігі, алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат, кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері оқушылары мен өзінің жетістіктері, авторлық жұмыстар және жарияланымдары, курстық дайындық сертификаттары);

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек кітапшасының көшірмесі) (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Лауазымдық міндеттері:
     жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;
     әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;
     білім алушылар, тәрбиеленушілер және ұйым, отбасы, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады;
     жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
     жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кемтар балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
     сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таланттарын, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды;
     әлеуметтік ортада адамгершілік, адамгершілік сау қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді;
     білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;
     педагогтармен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды;
     білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
     білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады;
     білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
     85. Білуге тиіс:
     Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
     педагогика және психология, физиология, гигиена;
     тәрбие жұмысының әдістемесі, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламалары;
     педагогикалық этиканың нормалары;
     балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздері;
     еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
     86. Біліктілікке қойылатын талаптар:
     жоғары педагогикалық білімі немесе "Әлеуметтік педагог" бағыты бойынша кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;
     және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл және педагог-шебер лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.
     87. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
     1) "педагог-модератор":
     "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
     озық тәжірибені үйрену, оны тәжірибеде қолдану;
     оқу-тәрбие жұмысын талдау дағдысының болуы;
     білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу;
     2) "педагог-сарапшы":
     "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
     тәрбие жұмысын талдау әдістерін қолдану;
     шығармашылық семинарларға жетекшілік ету;
     озық тәжірибені енгізу;
     3) "педагог-зерттеуші":
     "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
     ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдану;
     жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологиялар әзірлеу;
     оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізу;
     әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық ету;
     4) "педагог-шебер":
     "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
     ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдану;
     жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологиялар әзірлеу;
     оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізу;
     әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық ету;