Ер жігітке жарасар салауатты бейнесі/ Здоровый образ жизни » №31 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ер жігітке жарасар салауатты бейнесі/ Здоровый образ жизни
17
қараша
2023

Ер жігітке жарасар салауатты бейнесі/ Здоровый образ жизни

“Даналық мектебі” жоспарына сәйкес Алматы қаласы Түрксіб ауданы «№31 Жалпы білім беретін мектепте»  “Ер жігітке жарасар салауатты бейнесі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Халық ықыласына бөленіп жүрген спортшылар арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, білім алушылардың спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Дөңгелек үстелге Самбо күресінен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Орынбасар Құралбай Орынбасарұлы келіп, спортпен айналысудың маңыздылығы туралы, өз тәжірибесі, спорт жолындағы қызықты сәттері жайында әңгімеледі. Мектебіміздегі өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері мен жоғары сынып оқушылары көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды.

В соответствии с планом ”Школа мудрости" в общеобразовательной школе №31 Турксибского района города Алматы состоялся круглый стол на тему ”Здоровый образ жизни". Цель: пропаганда здорового образа жизни через спортсменов, пользующихся популярностью, повышение любви обучающихся к спорту. К круглому столу обратился мастер спорта международного класса РК по борьбе Самбо, заслуженный тренер РК Орынбасар Куралбай Орынбасарович, который рассказал о важности занятий спортом, о своем опыте, интересных моментах на пути к спорту. Члены организации самоуправления нашей школы и старшеклассники получили ответы на интересующие их вопросы.