Қауіпсіздік ережелерін САҚТА! ҰМЫТПА!/Соблюдайте правила безопасности! » №31 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қауіпсіздік ережелерін САҚТА! ҰМЫТПА!/Соблюдайте правила безопасности!
23
ақпан
2023

Қауіпсіздік ережелерін САҚТА! ҰМЫТПА!/Соблюдайте правила безопасности!

Асыға күткен жазғы демалыс та келіп жетті. Балалар, ата-анасымен де, құрбыларымен де демалыс орындарына жол тартады. Басқа қалаға барып, бөтен адамдармен танысып, тіпті жаңа достар табады. Сонымен қоса, барған жерімізден түрлі тағамдармен тамақтанамыз. Әдемі жерлерді көруге саяхатқа шығамыз. Міне, осының бәрін жоспарламастан бұрын әрбір бүлдіршін қауіпсіздік ережелері өмір бойы жадымызда жүруі міндетті.
Жол жүру ережесі
Жолда жүру ережесін сақтау – баршамыздың міндетіміз. Балалар, сендер қайда жүрсеңдер де, тәртіп бұзбауға тырысыңдар. Әсіресе, жол
жүру ережесін бір сәтке естен шығармау-ларың қажет. Жол ережелерін білмеулерің түрлі келеңсіз жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан, қауіпсіздік ережелерін естеріңе салып отырмыз.
! Жүріп келе жатқан көлікте әрқашан ұстағыштардан ұстап отырыңдар;
! Жеңіл көлікте артқы орындыққа жайғасыңдар, қауіпсіздік белдігін пайдаланыңдар және есік жабық екеніне көздеріңді жеткізіңдер;
! Велосипед, роликті коньки, скейтборд тепкенде аса ұқыпты және сақ болыңдар;
! Көшеде бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өтіңдер;
! Көшеден өтерде алдымен солға қара, ал бөлгіш сызығынан кейін оңға қараңдар;
! Егер жолдан өтуге үлгермесең, бөлгіш сызығында тоқта да, бағдаршамның жасыл түсі жануын күт;
! Жүріп келе жатқан көлік алдынан жүгіріп өтпе;
! Егер жаяу жүргіншіге арналған жол болмаса, жол шетімен көлік қозғалысына қарсы жүр;
! Көшенің көлік жүретін бөлігінде ешқашан ойнамаңдар.