"Мектеп парламенті" "Парламент школы" » №31 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектеп парламенті" "Парламент школы"
19
қыркүйек
2022

"Мектеп парламенті" "Парламент школы"

«Мектеп парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту 

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 Қазақстанның балалары мен жастары – Қазақстан қоғамының стратегиялық құндылығы және болашақ адами капиталы. Жаһандық тәуекелдер мен сын-қатерлер кезеңінде өмір сүретін жаңа буын белсенділігі мен қызығушылықтарының әртүрлілігімен сипатталады. Сондықтан мемлекет пен азаматтық қоғамның шынымен біртұтас балалар-жасөспірімдер және жастар қозғалысын құрудағы күш-жігерін біріктіру – заманауи мемлекеттің стратегиясы. Соңғы онжылдықта республиканың қоғамдық-саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер балалар мен жастар ортасындағы адамгершілік-рухани бағдарлар мен мұраттардың өзгеруіне алып келді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, өскелең ұрпақ (балалар, жасөспірімдер, жастар) тәрбиелеудің қолданыстағы моделі трансформацияны және жаңа идеологиялық негізді талап етеді. Бүгінгі таңда білім беру ұйымы қызметінің қазіргі жағдайында білім беру ұйымын демократиялық басқаруға жағдай жасауға байланысты мәселелер туындайды, онда тек басшы мен педагогикалық кеңес қана емес, сонымен қатар білім алушылар, студенттер мен ата-аналар білім беру үдерісінің толық субъектілері ретінде білім беру ұйымы ұсынатын қызметтердің сапасына әсер ете алады. Қазіргі уақытта мемлекет пен азаматтық қоғам балалар мен жастардың құқықтық мүмкіндіктерін іске асыру мәселелерін белсенді түрде көтеруде. Осыған байланысты қазақстандық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының алдында құқықтық мемлекет жағдайында шығармашыл, бастамашыл, өзі және қоғам үшін пайдалы әрекет ете алатын еркін, жауапты тұлғаны, мәдениетті адамды тәрбиелеу міндеті тұрды. Бүгінгі таңда республикада балалар мен жастардың өз құқықтарын іс жүзінде қолдануға және қорғауға оқытатын оңтайлы тетік жоқ, бұл оқушылардың әлеуметтік маңызы бар қызметке уәждемелік дайындығын төмендетуге әкеп соғады. Білім беру ұйымының қабырғасынан шыққан білім алушылар нақты өмірде көбіне мүлдем дәрменсіз болып қалады. Қазақстан Республикасының балалар-жасөспірімдер және жастар қоғамдық қозғалысы шеңберіндегі мектеп кеңестерінің, старостаттардың, жоғары сынып оқушылары кеңестерінің, мектеп әкімдіктерінің және т.б. орнына «Мектеп парламенті» (бұдан әрі – Парламент) түріндегі бірыңғай құрылымдық моделі бола алады. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында білім алушылардың «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының заңдары және т.б. жөніндегі жол картасы негізінде әзірленді. Парламент – оқу-тәрбие процесінің мәселелерін шешуде мектеп әкімшілігінің таптырмас көмекшісі. Парламентте оқушылар мен педагогтер бірлесіп ынтымақтасуға үйренеді, маңызды мәселелерді шешуде толық құқылы әріптес болады. Парламент – бұл білім алушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқаруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуге қатысу нысаны.

Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу. 

Парламенттің міндеттері: - білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін, мектепте бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру; - ұжымдық өмір нормаларына, мемлекет заңдарына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру; - әрбір білім алушыны білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту; - өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту. Парламент өзара көмек және сенім, дамуға ұмтылу, барлық оқушылардың тең құқылығы, шешімдер қабылдаудың ұжымдылығы, оқушылардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығы, әрбір жеке тұлғаға қатысты ізгілік, ашықтық, еріктілік, адалдық және серіктестерді құрметтеу қағидаттарына негізделеді. 

Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады: 

1.Құқық және тәртіп фракциясы. 

2. Ақпарат фракциясы. 

3. Спорт және салауатты өмір салты фракциясы. 

4. Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология).

5. Қамқорлық фракциясы (еріктілік).

6. Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық).

7. Дебат қозғалысының фракциясы.

 8. Экология және еңбек фракциясы. 

Парламенттің жоғарғы органы – фракциялар көшбасшыларының жалпы жиналысы. Білім беру ұйымының әр сыныбында, әр тобында барлық 8 фракцияға депутаттар сайланады. Парламент Президенті қажет болған жағдайда білім беру ұйымының түрлі алқалы органдарының отырыстарына қатысады.

 Парламентті басқарудың негізгі нысаны–жобалықменеджмент тетіктерді тиімді басқарудың әмбебап технологиясы. Мектеп оқушылары Парламент депутаттары бола алады.

Парламенттің жобалық қызметінің бағыттары: экологиялық, еріктілік, өлкетану, туристік, зияткерлік, экономикалық, спорттық, дебаттық, этномәдени, көркем-эстетикалық, музыкалық және басқа да шығармашылық жобалар. Парламенттердің жобалау қызметін жүзеге асыру үшін мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындары базасында жобалау кеңселері (бұдан әрі – жобалау кеңселері) құрылады. 

Жобалық кеңселер: - жыл бойы парламент фракцияларының жобалық қызметін; - мектеп Президентін сайлау және өзін-өзі басқару күндерін; - алқалы органдардың жұмысына қатысуды үйлестіреді. Әр жобаға түрлі іс-шаралар, жарыстар, акциялар, флешмобтар, экскурсиялар, жорықтар, турнирлер және т. б. кіреді. Парламент Президентінің сайлауы жылына 1 рет қыркүйек айында өткізіледі. Парламент мүшелерін, мектеп және студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларын ынталандыру үшін көтермелеудің мынадай түрлері мүмкін: мадақтамалар, дипломдар, «Мектеп Парламентінің көшбасшысы», Қазақстан бойынша сапарлар, 

Күтілетін нәтижелер: - адал, мейірімді және белсенді тұлғалардың тәрбиелі жас ұрпағы; - қоғамдық (балалар мен жастар) сананы трансформациялау мен жаңғыртуда оқушылар мен студенттердің өзін-өзі басқару органдарының мәртебесі мен рөлін арттыру; - білім алушылардықызығушылықтары бойынша жобалық қызметке тарту; - барлық деңгейлердегі бюджеттерден тұрақты және жүйелі қаржыландыру.


«Школьный парламент» развитие органов самоуправления учащихся
КОНЦЕПЦИЯ
          Дети и молодежь Казахстана являются стратегической ценностью и будущим человеческим капиталом казахстанского общества. Новое поколение, живущее в эпоху глобальных рисков и вызовов, характеризуется разнообразием деятельности и интересов. Поэтому объединение усилий государства и гражданского общества для создания действительно единого детско-подросткового и молодежного движения является стратегией современного государства. Изменения в общественно-политической жизни республики в последнее десятилетие привели к изменению нравственно-духовных ориентиров и идеалов у детей и молодежи. Как показывает опыт, действующая модель воспитания подрастающего поколения (детей, подростков, молодежи) требует трансформации и новой идеологической базы. На сегодняшний день в современных условиях деятельности образовательной организации возникают проблемы, связанные с созданием условий для демократичного управления образовательной организацией, где не только руководитель и педагогический совет, но и обучающиеся, учащиеся и родители, как полноправные субъекты образовательного процесса, несут ответственность за качество услуг, предоставляемых образовательной организацией. В настоящее время государство и гражданское общество активно поднимают вопросы реализации законных прав детей и молодежи. В связи с этим перед казахстанскими школами, колледжами и высшими учебными заведениями стояла задача воспитать человека свободного, ответственного, культурного, творческого, инициативного, способного действовать с пользой для себя и общества в условиях законности. На сегодняшний день отсутствует оптимальный механизм обучения детей и молодежи реализации и защите своих прав, что приводит к снижению мотивационной готовности учащихся к общественно значимой деятельности. Студенты, покидающие стены образовательной организации, часто оказываются совершенно беспомощными в реальной жизни. Школьные советы, старостаты, советы старшеклассников, администрации школ и др. в рамках общественного движения детей, подростков и молодежи Республики Казахстан. вместо этого может быть единая структурная модель в виде «школьного парламента» (далее – парламент). Концепция развития органов самоуправления обучающихся «Школьный парламент» в организациях образования Республики Казахстан Законы Республики Казахстан «Об образовании», «О государственной молодежной политике в Республике Казахстан» и др. была разработана на основе дорожной карты. Парламент является незаменимым помощником администрации школы в решении задач образовательного процесса. В парламенте студенты и преподаватели учатся сотрудничать друг с другом, становятся полноправными партнерами в решении важных задач. Парламент – это форма участия обучающихся в совместном управлении образовательной организацией, в решении задач при организации образовательного процесса. 
        Целью Парламента является развитие у обучающихся гражданской активности, социальной компетентности, навыков гражданской ответственности, воспитание высококультурного, гуманистического гражданина, способного к социальному творчеству и способного действовать в интересах совершенствования своей личности, общества и государства.
Задачи Парламента: - создать условия для развития способностей и интересов учащихся, единого правового пространства в школе, обеспечить реальную возможность участия в управлении образовательной организацией; - формирование положительного отношения к нормам коллективной жизни, законам государства, стремление приносить пользу людям, помогать друзьям и сверстникам преодолевать трудности; - вовлечение каждого обучающегося в общественную жизнь образовательной организации; - развитие самостоятельного мышления и самосознания, навыков лидерского поведения, организаторских знаний, деловых, коллективных и управленческих навыков.
         Парламент основывается на принципах взаимопомощи и доверия, стремления к развитию, равноправия всех обучающихся, коллегиальности принятия решений, приоритета прав и интересов обучающихся, доброжелательности, открытости, добровольности, честности и уважения к партнерам.
В состав парламента входят 8 фракций:
1. Фракция «Правопорядок».
2. Информационная фракция.
3. Фракция спорта и здорового образа жизни.
4. Фракция самосознания и счастья (психология).
5. Уход за фракцией (добровольность).
6. Фракция «Культура и искусство» (музыкальное, художественное творчество).
7. Дискуссионное движение фракции.
 8. Экология и рабочая фракция.
         Высшим органом парламента является общее собрание лидеров фракций. Депутаты избираются во все 8 фракций в каждом классе и группе образовательной организации. При необходимости Председатель Парламента участвует в заседаниях различных коллегиальных органов образовательной организации.
Основной формой парламентского управления является проектное управление, универсальная технология эффективного управления механизмами. Школьники могут стать депутатами парламента.
        Направления проектной деятельности Парламента: экологические, волонтерские, краеведческие, туристические, интеллектуальные, экономические, спортивные, дискуссионные, этнокультурные, художественно-эстетические, музыкальные и другие творческие проекты. Конструкторские бюро (далее - конструкторские бюро) создаются на базе школ, колледжей и высших учебных заведений для осуществления проектной деятельности парламентов.
Проектные офисы: - проектная деятельность парламентских фракций в течение года; - дни выборов Президента школы и самоуправления; - координирует участие в работе коллегиальных органов. Каждый проект включает в себя различные мероприятия, конкурсы, акции, флешмобы, экскурсии, походы, турниры и т.д. б. включены. Выборы Председателя Парламента проводятся один раз в год в сентябре. Для мотивации депутатов парламента, лидеров школьного и ученического самоуправления возможны следующие виды поощрений: благодарности, грамоты, «Лидер школьного парламента», поездки по Казахстану,
     Ожидаемые результаты: - воспитание молодого поколения честных, доброжелательных и активных личностей; - повышение статуса и роли органов самоуправления школьников и студентов в трансформации и модернизации общественного (детского и молодежного) сознания; - вовлечение студентов в проектную деятельность в соответствии с их интересами; - регулярное и систематическое финансирование из бюджетов всех уровней.



h