ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ » №31 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
16
желтоқсан
2021

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын! Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, Мықты болсын елімнің керегесі. Тату - тәтті халқымызға бақ қонып, Кетпесін туған жердің берекесі.

Қуан, жұртым Елдігіңді шет елдер мойындады,
Сан армандар іске асты ойыңдағы.
Терезесі тең елдер қатарында
Салтанатпен өтуде тойың - дағы.

Ұланың бар, ұрпағың, іргең берік,
Тағдырыңды тапсырған тізгін беріп,
Азаматтар ақтады сеніміңді
Талай істе танытты кемеңгерлік.

Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
Тәуелсіздікке - 30 жыл бейнероликтер топтамасы. Астананың бүгінгі бейнесі -  «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Похожие публикации:

13 қыркүйек 2021 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
18 наурыз 2021 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ