25
қараша
2021
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны
«ЖББ №31 мектеп» КММ 09.11-20.11 аралығында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқан аясында жоспар жасалып,төмендегідей іс-шаралар өтті:
- «Бақытты отбасы» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Жауапты мұғалім :Мұқашева Ф.А.
- Көрме мақсаты: Оқушылардың белсенділігін, құқықтық сауаттылығын ашу болды.
- 1-11 сынып ата-аналар жиналысында «Отбасы және баланы тәрбиелеу» тақырыбы қаралды. Баланы тәрбиелеудегі отбасының орны, отбасы құндылықтары туралы әңгіме жүргізілді.
- 9-11 сынып оқушылары «Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру жолдары» тақырыбында эссе жазды. Жауапты мұғалімдер: қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Бектұрғанова Г.А., және орыс тілі пәні мұғалімі Тилекеева Н.Н. Тақырыпқа сай мәнерлі, мазмұнды эссе жазған 10 «а» сынып оқушылары мадақталды.
- Мектеп тәлімгері Н.Мырзағали оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелерімен «Тоқта! Зорлық-зомбылық» тақырыбында үндеу іс-шарасын ұйымдастырды. Мақсаты: барлық балалар бақытты болуға міндетті, зорлық-зомбылықсыз балалық шақта өмір сүруге құқылы екендігін көрсету болды.
- 16.11 барлық сыныптарда « Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
- 8 сынып оқушыларымен бақытты балалық шақ және отбасылық құндылықтарды насихаттайтын бейнеролик жасалып,мектеп сайтында жарияланды.Жауапты мұғалім: Қыдырханова С.К.
- «Балаларға қатысты қатыгездік нысандары мен оның зардаптары» жөнінде Түрксіб ІІБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлім учаскелік инспекторы,полиция капитаны М.Е.Джембабаева 8-9-10 сынып оқушыларымен әңгіме жүргізді.