"Мультфильмдер мен компьютерлік ойындар арқылы ағылшын тілін үйрену" ғылыми жоба » №31 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мультфильмдер мен компьютерлік ойындар арқылы ағылшын тілін үйрену" ғылыми жоба
27
қазан
2021

"Мультфильмдер мен компьютерлік ойындар арқылы ағылшын тілін үйрену" ғылыми жоба

Ғылыми жоба тақырыбы: Мультфильмдер мен компьютерлік ойындар арқылы ағылшын тілін үйрену
Біздің қазіргі әлемде, барлық шет тілдерінің ішінде, ағылшын тілі халықаралық тіл мәртебесіне ие. Бұған әр түрлі факторлар ықпал етеді.
Тарихи тұрғыдан алғанда, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия сияқты көптеген дамыған және үстем елдер ағылшын тілінде сөйлейді. Ағылшын тілінің танымалдылығына жаңа ақпараттық және компьютерлік технологиялардың дамуы, сондай-ақ интернеттің пайда болуы әсер етті.
Біз мультфильмдер мен компьютерлік ойындар арқылы сөздік қорды толықтыруды зерттейміз деп шештік. Шетелдік мультфильмдерде кейіпкерлер атаулары сол кейіпкерлердің мінезінің немесе сырт келбетінің  сипаттамасы  болып табылады. Осы атауларды қазақ тіліне аударсақ, жаңа ағылшын сөзін оңай есте сақтауға болады. Сондықтан біздің зерттеуіміздің нысаны 9-11 жастағы балалар арасында танымал мультфильмдер болып табылады. 
Сіздердің назарларыңызда зерттеу нәтижесінде жасалған иллюстрацияланған сөздік.
Біздің зерттеу жұмысымыз оқушыларға бос уақытында (мультфильмдерді қарау және компьютерде ойнау арқылы) ағылшын тілін үйренуге көмектеседі деп үміттенеміз.
Орындаған: 6 «А» сынып оқушысы Адилканова Ажар
Жетекші: Серекеева Алия

Похожие публикации:

13 қыркүйек 2021 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
27 мамыр 2020 Құттықтаймыз
23 қаңтар 2019 Open mind