Кітапхана жаңалықтары » №31 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кітапхана жаңалықтары
17
қыркүйек
2021

Кітапхана жаңалықтары

Қыркүйек айында мектеп кітапханасында
атқарылған іс- шаралар туралы анықтама.
         Ағымдағы жылдың қыркүйек айында мектеп кітапханасында біршама  іс- шаралар өткізілді. Атап айтсақ, «Болашақты нұрландырған тәуелсіздік», «Мемлекеттің негізге тірегі- Ата заң», «Қазақ халқының асыл мұрасы – оның тілі!», «Казахстан – мой дом Родной»,  «Мерейлі отбасы» атты кітап сөрелері  ұйымдастырылды. 
         Кітап сөрелерін ұйымдастырудағы басты мақсат ол оқырмандарды атаулы күндермен және  кітапхана жаңалықтарымен таныстыру. Сонымен қатар  бірінші сынып оқушыларына «Менің алғашқы кітапханам»  атты мектеп кітапханасына  саяхат атты  ұйымдастырылды.
Оның мақсаты:  Жас оқырмандарды  кітапханамен таныстыра отырып оқуға деген құштарлықтарын арттыру,тәуелсзі Қазақстанның   келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп, отанға деген сүиіспеншілігін арттыру, туған елге деген сезімін ояту. Жас оқырмандардың кітапқа деген құштарлығын арттыру,кітапханаға жаңа  оқырман тарту, жас оқырмандардың  ой- өрісін дамыту.
      Кітапханадағы   ұйымдастырылған кітап сөрелерімен оқырмандарды таныстыру, санитарлық эпидемиолгоиялық ахуалға қарай жасалды.Тамыз және қыркүйек айларында  кітапханаға жаңадан келіп түскен оқулықтарды қабылдау және оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету жоспрлы түрде жұргізілді.
Мектеп оқушылары 100 %  оқулықпен қамтылды.
      «Кітапхана- оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір» десек,  мектеп   кітапханасының алатын орны ерекше. Кітап - білімнің түпсіз аспаны,терең бастауы! Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін  осынау рухани қазына қорын қалай қастерлейтінімен өлшенетін тұста мұндай    іс – шаралардың өткізілуі ізгілікті де, игілікті қадам.
       Мектеп кітапханасы осындай іс- шаралар ұйымдастыру арқылы оқырмандар санын едәуір арттырып, егеменді еліміздің ертеңі болатын жас ұрпаққа тәлім – тәрбие беруде. Мектепішілік іс- шаралдың барлығына ат салысып, сынып сағаттарына, ашық сабақтарға,  ұстаздар мен оқушыларға көметесіп тұрады.

Похожие публикации:

18 желтоқсан 2020 Кітап көрмесі
15 қазан 2020 Құттықтаймыз
19 қыркүйек 2020 Ақпарат