ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ » №31 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
04
тамыз
2021

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ                                                                     2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН   ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ  ЕСЕБІ
 Әлеуметтік педогог:          Уйсинбаева Ж.С 
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ                                                                     2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН   ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ  ЕСЕБІ
Әлеуметтік педагогтың жұмысының негізгі мақсаты:  
Оқушылардың дамуын, тәрбиесін, білім алуын әлеуметтік тұрғыдан қорғау.    Өскелең ұрпаққа заман талабына сай тәрбиелеу, тұлғаның бойына жауапкершілікті, өз отанына деген міндет-борышын атқаруға, оның гүлденіп, өркендеуіне атсалысуына үйрету, өз тіліне, өзіне сүйіспеншілігін қалыптастыру, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор көрсету, табиғатты аялауға ықпал ету.                                                                                                                                                                                                                         Балаға рухани демеу беру, тығырықтан шығаратын жол іздеу, сол жолды дұрыс тауып , дұрыс шешім қабылдау, балаға сенім ұялату, оның өмірінің жақсыға өзгеретіне сендіру.
Міндеттері:
  • Оқушылардың қажеттілігі мен қызығушылықтарын, мінезден ауытқушылығын, әлеуметтік ортаға бейімделу және әлеуметтік қорғалу деңгейін анықтау.
  • Оқушыға қажетті қолдау мен әлеуметтік көмекті өз уақытысында көрсету.
  • Оқушы-жеке тұлға мен мектептің, отбасы, орта, әлеуметтік қызмет мамандарын, әкімшілік орындарды тікелей байланыстырушы.
  • Жеке тұлғаның бостандығы мен құқығын жүзеге асыруда, оқушыларды қолдау мен көмек көрсетуде т.б. әлеуметтік қорғау барысында шара қолдану.
  • Әлеуметтік инициативаны дамытуда, әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған, мерекелік шаралар ұйымдастыру және оларды талдап, бекітуге қатысу.
  •  Мектепте, отбасыда, және қоршаған әлеуметтік ортада білім алушы жеке тұлғанның қауіпсіздігі мен психологиялық үйлесімділігіне жағдай туғызуына  ықпал ету.
  •  Оқушының салауатты өмір салты үшін әлеуметтік ауытқушылық пен құқық бұзушылығының алдын алу.
  • Оқушыларға көмек көрсету  үшін мұғалімдердің, ата-аналардың, әлеуметтік қызмет көрсету мамандарының, әкімшілік ұйым өкілдерінің өзара әрекетін үйлестіру.
    Көрсетілген мақсат-міндеттерден әлеуметтік педагогтың төмендегідей жыл бойы атқарған лауазымдық қызметіне сараптама жасау ,ата-аналармен жүргізілген психологиялық-педагогикалық жұмыстың қортындысын  салыстырмалы  көрсеткішін анықтап және жаңа оқу жылының жоспарын жасау.  
  Мектептегі әлеуметтік педагогтың жұмысы жыл басында бекітілген  жылдық жоспар бойынша жүргізіледі.  Бала тәрбиесі жүйелі жүргізілу үшін оқу жылының басында сынып жетекшілеріне сынып оқушыларының , яғни баланың отбасы құрамы, тұрмыс жағдайы,ата-анасы туралы ,толық немесе толық емес отбасы екендігі,жанұядағы психологиялық ахуалды және баланың  жеке психологиялық даму деңгейін  анықтау үшін сауалнамалар жүргізіліп, мектептегі оқушылардың әр отбасының әлеуметтік статусы анықталады.                                                                                                          Отбасының әлеуметтік статусы  жоғары, орта, төмен болып үш деңгейге бөлінеді.
Жоғары деңгейдегі отбасыларға ата-анасы жоғары білімді, мамандығы бойынша жұмыс істейді, табыстары адам басына шаққанда жеткілікті, тұрмысы жақсы, бала тәрбиесіне жеткілікті уақыт бөлетін отбасылар жатқызылады.
Орта деңгейдегі  отбасыларға  ата-анасының   білімі арнаулы орта, отбасы толық емес,бала тәрбиесімен анасы немесе  әкесі,апасы айналысады, отбасының табысы тек өздерінің  күнделікті тіршіліктеріне ғана жететін отбасылар жатқызылады.
Төмен деңгейдегі  отбасыларға ата-аналары жұмыс істемейтін немесе мамандығына сай емес  жұмыспен айналысатын, табысы төмен ,білімі деңгейі орта, жалдамалы пәтерде тұратын, тұрғылықты жерін жиі ауыстыратын отбасылар жатады.
Жоғарыда көрсетілген деректер   баланың жақсы оқып бірқалыпты дамуына да қатты әсерін тигізеді.
Төмен деңгейдегі отбасының жиі  көшіп қонуы,баланың мектепті жиі ауыстыруы,оның келген  ортасына сіңіп кетуі, басқа балалармен тіл табысуы , жаңа ортаға тез үйренісуіне кедергі жасайды.
Сынып жетекшілердің  көмегімен оқушылардың құжаттары тексеріліп,мектеп бойынша ата-анасының қамқорлығынан айырылғандар,(жетім балалар),  көпбалалы отбасылар  , толық емес отбасылар ,жағдайы төмен отбасылар , пәтер жалдап тұратын отбасылар саны ,оралмандар отбасылар саны анықталып, жалпы мектеп бойынша әлеуметтік кесте құрылды.
Әлеуметтік педагог жұмысының бір бөлігі, өз құзырлығының шеңбері бойынша көмек қажет  ететін балаларды әлеуметтік қорғау, оларға тиісті педагогикалық, психологиялық, материалдық көмек көрсету және консультациялар беру болып табылады.
Оқу жылының басында  қыркүйек айында әлеуметтік  төлқұжат бойынша 71-оқушы тіркелді.  
Барлық оқушылар санықамқоршылықтағы     балалар отбасымүгедек балалары бар отбасылар
саны
Көпбалалы отбасылар саны
Жағдайы төмен отбасылар  саны
Толық емес отбасы
Көмек қажет ететін отбасылар құжат бойынша  саны 
17172256393138

Оқушы саны 321541245271
ҚР Білім және   ғылым министрлігінің 2019 жылғы 12 шілдегі №3-153/2530 және Алматы Білім басқармасының 2018 жылғы шілдедегі №03-4-4/7/3 бұйрығы бойынша 1шілдеден - 30-қыркүйек  айында   мектеп ішінде  « Мектепке жол » акциясы ұйымдастырылып, көмекке мұқтаж отбасылардың 71-балаға мектеп формасын алу үшін 2 млн. 201 мың тенге мектеп қорынан ақшалай көмектер көрсетілді.   
 Акция мақсаты- әлеуметтік  көмек алуға құқығы бар аз қамтылған , көп балалы ,тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына ,жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсету,оқумен қамтылмаған  мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сонымен қатар әлеуметтік себептер  ( киімдерінің ,аяқ киімдерінің мектеп құралдарының жоқтығы ) бойынша балалардың мектепке  бармауынының  алдын ала алу.                                                                                                                        Мектептің микроучастогы бойынша  Алматы темір жол вокзал—1 , компьютерлік клубтар,  Алматы базарлары  бойынша рейдтер жүргізіліп оқуға қамтылмай қалған балалар санын анықталды.                                                                        Оған мектеп мұғалімдері мен ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеу органдарының қызметкерлері  және ата-аналар бір кісідей ат салысты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003жылғы 19 ақпанда №173 қаулысына сәйкес мектептегі әлеуметтік көмек алуға құқығы бар оқушылардың барлығы мектеп кітапханасының кітаптар қорынан оқулықтармен қамтамасыз етілді.
   Бұған қоса 2020-2021 оқу жылы қашықтықтан оқыту болғандықтан  мектептегі жетім, көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар және жағдайы төмен отбасылардың балаларын компьютерлік техникамен                          ( ноутбук және планшетпен )    қамтамасыз етілді.  
Оқушыларды КТ қамтамасыз ету 
  • Барлығы  -25 компьютер   -219 ноутбук  берілді .
  •   81-планшет 
  • 1. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар 
  • 2. Көпбалалы отбасы балалары 
  • 3. Жағдайы төмен отбасы балалары 
  • 4. Қажет деген отбасы балаларына берілді. 
Жағдайы төмен отбасы балаларын  ақшалай көмек көрсету
  • 2020-2021 оқу жылында жағдайы төмен отбасы балалар саны құжат бойынша -71 оқушы. 
  • Жалпы оқу қорынан әр балаға -30 000 тенгеден                                   - 2 130 000 тенге  ақша  бөлінді . 
“ Салиқалы ұрпақ» қоры- 4 оқушыға ноутбук көмек ретінде сыйға тартты .
«Добровольное общество «Милосердие»-қоры -1 оқушыға ноутбук сыйға тартты .
4 «А» класс, Балыкбаева Назым                    7 «Б» класс, Батманоглу Мелиса   
3 «А» класс, Бурибаев Султан                1 «Б» класс,  Мухамедгалиев Темирлан 
«Добровольное общество «Милосердие»                                                                                       7 «А» класс, Тұрсынбек Инабат 
    Осы іс шаралардың өткені туралы  мақалалар «Алматы ақшамы » газетінде және  «Ұстаз –мектеп тірегі»,  «Профсоюзная жизнь Казахстана» журналдарында жарық көрді. 
   «Қайырымды жүрек- жомарт қол» қайырымдылық акциясы                                                                                                                Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы - жомарттық, кеңпейілдік.   Жомарт болу -өзіңде барды әр адаммен шын жүректен бөлісу.                                                                                                                                           Жомарт болу -өзіңде барды әр адаммен шын жүректен бөлісу. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», - дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытуға үлес қоса білуге атсалысқан   Алматы қаласы Түрксіб ауданы №31 жалпы білім беретін мектебінің ұжымы.                                                                                                                                                                                                             Ізгі қайырымды істер жасау арқылы балалардың ризашылығы пен алғыстарын ала отырып, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамытуға тәрбиелеу  №31 жалпы білім беретін орта мектебінде  жалғасын таба білді.                                                                         Осыған орай қашықтықтан оқыту кезінде басты мақсаты – күнкөрісі төмен көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан   шыққан балаларға және басқа санаттағы көмекке мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету мақсатында мектеп ұжымы мектебіміздегі жағдайы төмен және көпбалалы отбасы балаларына оқу компьютерлерімен   және бірнеше оқушылардың телефондарына интернет желісіне қосыла алатындай  тарифтік бірліктер  салынды сонымен қатар  мен азық- түлік корзинасын таратылды .   
Жалпы айтқанда мектепте әлеуметтік көмек алатын оқушылардың барлығына толық қамқорлық жасалынып,оларға қажетті психологияық, педагогикалық және материалдық жағдай жасалған. Жасөспірімдердің арасында заң бұзушылықтың алдын-алу мақсатында мектеп әкімшілігі құқық қорғау  органдарымен тығыз байланыста жұмыс атқарды.                                                                                                                                                                                                                 Педагог-ұйымдастырушы оқушыларға құқықтық тәрбие беруге көп көмек көрсетіп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып өткізуге әрқашан көмек көрсетіп отырды.  Жыл басынан кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында   қылмыс пен құқық бұзушылықтың және олардың, қадағалаусыз қалуының алдын-алу мақсатында мектеп психологы Ахметбекова А.М және  мектеп инспекторымен біріге отырып, «Оқушының   міндеттері»,  «Мен және менің отбасым »,  « Мен және менің құқықтарым». «Қашықтықтан оқыту кезіндегі ата- аналарға қалай жұмыс істеуге керек » деген тақырыпта онлайн форматында жиналыс семинарлар өтті.
Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру  және азаматтарды құқықтық  оқыту   мен тәрбиелеу мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ашимова Ш.Б және Абдилманова Э.Н,  әлеуметтік педагог  Уйсинбаева Ж.С, мектеп психологы Ахметбекова А.М. және мектептің  тарих пәнінің мұғалімдері Умбетова М. С, Мазгенова С.А  және сынып жетекшілері оқушыларға  онлайн форматында құқықтық тәрбие беріп отырды.
      Желтоқсан айында президенттік  Жаңа жылдық шырша мерекесіне   5 б сынып оқушысы Бедерова Ева  сыйлық алса, 29 оқушы қала  әкімінің  шыршасынан жетім балалар,көпбалалы және жағдайы төмен отбасылардың балалары сыйлықтар алды.  
№31 ж.б.б. мектебінің соңғы үш жылдық әлеуметтік паспорттың салыстырмалы талдау
Оқу жылыБарлық оқушы лар     саныКөпбалалы отбасы бала Әлеуметтіказ қамтылған отбасы балаларыТолық емес отбасы балаларыМүгедек бала саны Қамқорлықтағы бала саны 
2018-201971398334625
2019-202071890304122
2020-2021717154715223
«Мектепке жол», «Қамқорлық»  акциясы бойынша соңғы үш жылдық салыстырмалы талдау
 Оқу жылыБарлық оқушы   саны«Мектепке жол» акциясы бойынша Көрсетілген көмек                            (тг.есебімен)
Көрсетілген көмек                         ( тг.есебімен)
2018-2019
71348 бала канц.товары, мектеп формасы ,аяқ киімдер 350 000 50 бала канц.товары куртка, аяқ киімдер,325 000 теңге
2019-2020
71862 бала                    мектеп формасы ,аяқ киімдер1 092,000100 балаға канц.товары, спорттық киімдер, курткалар, аяқ киімдер 700 000 теңге
2020-202171771 мектеп формасы ,аяқ киімдер2 млн.130 00071 бала  канц. товар киімдер,   аяқ киімдер1   170     теңге
Соңғы үш жыл бойынша жазғы сауықтыру демалыс орындары                      бойынша анықтама
 Оқу жылы
 Лагерь «Жалын» 
Лагерь «Берікқара»     
2018-201915 бала
2019-2020
18 бала
2020-20217
Соңғы үш жыл бойыншатегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар туралы     салыстырмалы  талдау 
Оқу жылыБарлық оқушылар  саны тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар саны
2018-201971353
2019-202071871
2020-2021717 0
2021-2022оқу жылында     жұмыстың нәтижелі болу мақсатында төмендегідей ұсыныстар жасаймын:
      1-11 сыныптар бойынша оқушылардың толықтай әлеуметтік  жағдайы зерттеліп тұрмысы төмен отбасыларға көмек   алуға қажетті құжаттар тізімі уақытында тапсырылсын, ата-ананың арызы бойынша жалпыға бірдей білім қорынан көмек көрсетілсін,осы категориядағы  оқушылар тізімі жасалынып,бақылауға алынсын.
2021-2022 оқу жылында осы ұсыныстар есепке алынып,оқу жылының басында көпбалалы, жетім, тұрмысы төмен   отбасылардың  балаларын тегін оқулықпен қамтамасыз ету керектігі назарға алынсын.
 Оқушылардың ата- аналарымен тығыз байланыста жұмыс жасап, мектепішілік жұмыстарға керектігі есепке алынсын.