Тәуелсіздік шежіресі » №31 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздік шежіресі
20
шілде
2021

Тәуелсіздік шежіресі

Тәуелсіздік шежіресі: 1992 жыл - Тәуелсіз мемлекеттің алғашқы нық қадамы 2016 жылғы 12 қазан 15:47Бөлісіңіз: АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің әрбір жылы, оның ішінде енді егемен ел ретінде етек-жеңді жиып, тізгінді қолға алған кез оңай кезең емес. Соның ішінде 1992 жыл - Қазақстанның тұңғыш рет тәуелсіздік ақиқатын сезіне отырып, жаңа жылдың табалдырығынан жаңа егемен ел ретінде аттаған жыл болды. Дәл осы тәуелсіздіктің алғашқы 1992 жылының ел тарихындағы орны ерекше. Өйткені, күні кеше өз егемендігін жариялап үлгерген Қазақ елі өзінің дербестігін танытып, тұтастығын да сақтап қалуы үшін барын салуға тура келді. Тәуелсіздік жарияланғаннан кейінгі осы бір жылдың ауқымында Қазақстан бағындырған биік, түрлі саяси шешімдер, халықаралық аренадағы өзіндік беделін анықтау, айқындау барысы, өзге елдермен қарым-қатынас шеңберін межелеу кезеңі үсті-үстіне қабаттасып жатты. 1992 жыл бұл - Тәуелсіз елдің Президенті ретіндегі Елбасының алғашқы шетелге сапарлары, мемлекеттің қаржысын жасақтау қадамдары, өз алтынымыз бен алмасымызды өндіруге кірісу, Еуропаның кез-келген елімен тереземіздің тең екенін білдіретін ЕҚЫҰ-ға, содан соң әлемдік БҰҰ-ға, ЮНЕСКО-ға мүше болу, Тәуелсіз елдің ұланы мен Қорғаныс министрлігінің құрылуы, өзге елдердің Қазақстандағы елшіліктерінің ашыла бастауы. Осы жылы көк аспанда желбіреген Көк туымызды көтердік, Елтаңбаны таңбалап, Әнұранды әуелеттік. Ұлттың басына түскен тағдыр талайымен табанын тоздырып, тарыдай шашыраған қазақтың басын тәуелсіз елдің төрінде қосып, баба дәстүрімен Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайын Алматыда өткіздік. Тәуелсіз ел екенімізді сөзбен ғана емес, іспен дәлелдеу үшін де, түрлі қиындықтарға қарсы тұруға тура келген жыл да осы - 1992 жыл! Ең ақыры Қазақтың ортақ баспанасы - Қазақстанның іргетасы сапалы қалануына да дәп осы жылдың бергені мол болғаны айқын көрінеді. Осы тұста Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы» атты кітабындағы алғысөзінен дәйек келтіргенді жөн санадық. «Әрбір отбасы өзінікі деген меншікті мекен-жай салып алуды арман етеді. Бәрі де кәдімгі қарапайым тілектен басталады. Ең әуелі отағасы болашақ үйінің нобайын ой жүзінде жобалап, көз алдына елестетеді. Әрбір бөлшегін ой елегінен өткізеді. Үйдің салынатын орыны анықталғаннан кейін, оның жобасы қағаз бетіне түсіріледі. Үй іргетасынан басталып, қабырғалары мен шатырына қарай бірте-бірте салына бастайды. Көптеген жанұялар үйіміз сәнді де сапалы болсын деп, оны жылдар бойы салады. Отағасы үйді өзінің балалары мен немерелеріне, шөберелеріне қалсын деп тұрғызады. Адамға өзінің қолымен салынған үйден қымбат ешнәрсе жоқ. Бірақ үй дегеннің мән-мағынасы - оның жай ғана қабырғалары, терезелері және ішкі бөлмелері сияқты ұғымдардан әлдеқайда ауқымды. Үй деген сенің баспанаң, құтханаң, тіршілік мекенің....Жұрттың көбі, әсіресе аға ұрпақ жақсы үй салудың оңай емес екендігін біледі. Ал біздің ортақ үйіміз - ҚАЗАҚСТАН сияқты жас мемлекетті құрып орнықтыру бұдан әлдеқайда қиын болды. Мемлекет құрылысы біздің болашақта қандай мемлекетте өмір сүретінімізді анық бейнелейтін нақты, бас жоспары болуын талап етті»... (Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы» атты кітабынан). 1992 жыл : - Қаңтар айында Норвегия Корольдігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады; - Қазақстан мен Қытай елшілер деңгейінде ресми дипломатиялық қатынастар орнатты; - Қазақстан Президентінің «Республикадағы бағаны ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы шықты. Әлі де рубль зонасында қалып отырғандықтан бұл шара Ресей заңнамасына сәйкес жүргізілген болатын. Өйткені осының алдында ғана Ресей бағаны бетімен жіберген еді. Осының нәтижесінде жаппай дефицит жағдайында тауарларды сауда орындары арқылы кепілдендіре тарату енгізілді. Бұл туралы сол кездегі «Жас Алаш» газеті : «1992 жылдың қаңтар айынан бастап азық-түлік және тағы да басқа тұтыну тауарлары астанада тұратын отбасылардың әр мүшесінің қажетіне сай белгіленген норма бойынша арнайы шақыру қағаздары арқылы сатылатын болады. Яғни, тұтынушылар өзіне қажетті заттарды арнайы бекітілген дүкендерден айына бір рет карточкаларда көрсетілген мөлшерде сатып алады. Мұндай қадамның не үшін жасалып отырғаны жөнінде түсініктеме беру артық болар. Астана дүкендеріндегі азық-түліктің жетіспеушілігі күннен-күнге үдеп келеді. Қаңтардан бастап жүргізілетін шара астана дүкендерінде азық-түліктің бірқалыпты сатылып, тұтынушылардың өз үлесін уақытылы алып отыруына жағдай туғызады деген сенім ұялатады», - деп жазды. («Жас Алаш», №1. 1-қаңтар 1992 жыл, «Алматыңда не жаңалық?».); - Қазақстан Республикасының Алтын қоры мен алмас қоры құрылды. «Алматыда қаңтардың 7-де кешке Қазақтың ұлттық банкінде ерекше де, жан тебірентерлік оқиға болды. Республиканың тарихында тұңғыш рет Қазақстанның егемендігіне және Президенттің Республиканың алтын қоры мен алмас қорын құру туралы Жарлығына сәйкес оның жер қойнауынан алынған асыл металдар оның өзінің игілігіне айналады. «Қаззолото» өндірістік бірлестігінің бас директоры М.А.Мұртазаев Президент Н.Ә.Назарбаевқа Қазақстан кенінен балқытылған алтын мен күмістің тұңғыш кесегін табыс етті, осы асыл металдардың құймасы Мәскеу түбіндегі зауыттарда өңделген соң республикаға қайтып оралып отыр. Бұдан былай қарай республикада өндірілетін барлық асыл металл, (бұрын оны толық түрде орталық алып отыратын), енді оның халқының өзінің игілігіне айналады». («Жас Алаш», №7. 10-қаңтар 1992 жыл. «Енді меншікті өз алтынымыз бар».); - 1992 жылғы 10 қаңтарда «Қазақстан Республикасында ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданып, мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің ішкі істер әскері құрылды; - 14 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіп­орындарының мүлкін жекешелендіру ерекшеліктері туралы» Заңына қол қойды; - 1992 жылы 15 қаңтарда «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды; - 27 қаңтарда Қазақстанда сынамасы ең жоғары, салмағы 10,5 келілік алғашқы алтын кесегі өндірілді; - 30 қаңтарда Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) мүше болды. Бұл еліміз үшін маңызды қадам болды. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып 56 мүше елді біріктірген мемлекетаралық беделді ұйымға 2010 жылы төрағалық еткен болатын. Сол жылы ЕҚЫҰ-ның Астана саммиті ұйымдастырылып, оның нәтижесінде қорытынды құжат - Астана декларациясы қабылданды; - 3 ақпанда Алматыда Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің ашылу салтанаты болды. Бұл - республикамыздағы шет мемлекеттердің тұңғыш елшілігі болатын; - 1992 жылы 18 ақпанда Қазақстан балаларының мейірімділік қоры «Бөбек» дүниеге келді; - 21-22 ақпанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Үндістанға ресми сапармен барды. Сапар барысында Н.Ә.Назарбаев Үндістан Президенті Нарасвами Венкатараманмен, Премьер-министрі Нарасимха Раомен кездесті. Онда Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасының арасындағы мемлекетаралық қатынастардың негізгі принциптері мен бағыттары туралы Декларацияға, дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға, сауда-экономикалық қатынастар, ғылым мен технологиялар саласындағы, мәдениет, өнер, білім, бұқаралық ақпарат құралдары және спорт сала­сындағы үкіметаралық келісімдерге қол қойылды. 1992 жылы мамырда Алматыда Үндістан Республикасының елшілігі ашылды; - 29 ақпанда ҚР Әділет министрлігі Қазақстанның «Азат» республикалық партиясын тіркеді; - 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелікке қабылданды. Осылайша Қазақстанның халықаралық қатынастар жүйесінде дербес субъект ретінде әлем елдерімен ықпалдасуы басталды. Ал 1991-1994 жылдар аралығында әлемнің 111 елі Қазақстанды таныса, 92 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды; -16 наурызда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы құрылды; - 21 сәуірде ел Президенті Н.Назарбаевқа елшілер корпусының өкілі тұңғыш рет сенім грамотасын тапсырды. Дипломатиялық практика үшін міндетті процедураны Алматыда Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Арғын Өзпай ашты; - 29 сәуірде Түркияның Премьер-министрі Сүлеймен Демирел Алматыға келді. Сол күні Түркияның Қазақстандағы елшілігі ресми түрде ашылды; - 7 мамырда ҚР Президентінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қорғаныс Комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы Жарлығы шықты; - 15 мамырда ТМД-ның алты мемлекеті (Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойды; - 17 мамырда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барды; - 22 мамырда Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО-ға мүше болып қабылданды; - 1992 жылы 22 мамырда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев және бірқатар елдің мемлекет басшылары Стратегиялық шабуыл қару-жарағы (СШҚ-1) туралы зымырандық-ядролық қаруды таратпау және бірте-бірте бөлшектеп, шығарып тастау туралы Лиссабон хаттамасына ядролық қарудан арылу міндеттемесін алды. Қазақстан өз аумағын ядролық қарусыз аймақ деп жариялады; - 1992 жылдың 4 маусымындағы Парламент отырысында Қазақстан Республика­сының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. «Біз бүгін аса маңызды тарихи оқиғаны бастан кешіп отырмыз. Бәріміз асыға, сарғая күткен күн енді тарих жылнамасына енетін болады....Міне, жаңарған Жалауы, Елтаңбасы, Әнұраны бар ел болдық. Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қа­дірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Жалауын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы. Қуанышымыз құтты болсын! Ұзағынан сүйіндірсін!» (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент отырысында сөйлеген сөзінен); - 6 шілдеде ҚР Жоғарғы Кеңесінің қаулысына орай Орал облысы - Батыс Қазақстан облысы болып; Целиноград облысы - Ақмола облысы болып; Шымкент облысы - Оңтүстік Қазақстан облысы болып; Целиноград қаласы - Ақмола қаласы болып өзгертілді; - 19 тамызда Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болды; - 25 тамызда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әскери ант туралы» Жарлығы шықты; - 28 қыркүйек - 4 қазан аралығында Алматыда Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайы өтті. «Қадірменді қауым! Алыстан келген ағайын! Ардақты отандастар! Бүгінгі күн ерекше күн. Орта толды деген осы. Дәл осынау сәтте өзін қазақпын деп сезінетін әрбір адам жүрегі лүпілдеп, атамекеніне, тәуелсіз Қазақстанның астанасы Алматыға көз тігуде. Өйткені мұнда дүние жүзінің түкпір- түкпіріндегі исі қазақ атаулының өкіл­дері тұңғыш рет бастарын қосып, алқалы жиын, салтанатты мәжіліс - Құрылтайға жиылып отыр. Күні кеше ғана мұндай болады деген ой көбіміздің қиялымызға да кірмеген шығар. Енді міне аңсаған арманның тағы біріне қол жеткіздік. Сан ғасырға созылған отаршыл­дықтың бұғауынан босанып, таяуда ғана тәуелсіздік алса да, қысқа мерзім ішінде бүкіл айдай әлем түгел мойындап, абыройы асып үлгерген Қазақстан жұртшылығы сіздерді, ардақты ағайын, туған жерде құшақ жая қарсы алып жатқанын өздеріңіз көріп отырсыздар. Мен республика Президенті ретінде бәріңізді Дүниежүзі қазақтары Құрылтайының салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға «Туған жерге қош келдіңіздер!», - деймін». (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайының салтанатты мәжілісінде сөйлеген сөзінен); - 2 қазанда ТМД-дағы жаңа тұңғыш жоғарғы оқу орны - Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты ашылды; - 28 қазанда Түркияда тұңғыш рет республиканың дипломатиялық өкілдігі - Қазақстан елшілігі ресми түрде ашылды; - 31 қазанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды; - 11 желтоқсанда ҚР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының мәтіні қабылданды; - 13 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының форумы өтті.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/tauelsizdik-shezhiresi-1992-zhyl-tauelsiz-memlekettin-algashky-nyk-kadamy_a2958317