Жазғы лагерь "Күншуақ" есебі » №31 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жазғы лагерь "Күншуақ" есебі
25
маусым
2021

Жазғы лагерь "Күншуақ" есебі

Мектеп жанындағы "Күншуақ"

 жазғы демалысты ұйымдастыру лагерінде 

 жүргізілген жұмыстардың қорытынды  есебі

       Жазғы демалыстың жылы күндері балалар тек демалып қана қоймай, физикалық тұрғыдан дамып,дүниетанымдары кеңейіп, жаңа оқу жылына күш жинауы тиіс. Осы мақсатта 2021 жылдың 1- маусымынан бастап "№31 жалпы білім беретін мектеп"   КММ- де  мектеп жанындағы жазғы  лагерь өз жұмысын бастады. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай кезінде балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталынуына баса назар аударылды.
      Лагерде жұмыс істеген  мұғалімдердің  негізгі міндеттері бала мінезінің ерекшеліктерін, оның әдеттері мен қызығушылықтарын жақсы білу, жаңа ортаға бейімделуі қиын балаларға көңіл бөле білулерінде болды.
Мақсаты: 
  • Оқушылардың жазғы кезеңдегі физикалық сауығу және демалу жүйесін ұйымдастыру
  • Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру.
Міндеттері: 
  • Әрбір оқушыны өз денсаулығын саналы түрде нығайтуға тарту;
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту, мәдени-бұқаралық және спорттық жұмыстарға тарту; 
  • Оқушылардың тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың қимыл белсенділігін арттыру; табиғатқа, ізгілікке деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Басқарушы құрам: 
  • мектеп директоры;
  • лагерь жетекшісі; 
  • бес тәрбиеші; 
  • ағылышын тілі пәнінің мұғалімі;
  • екі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
  • бейнелеу өнері және көркем еңбек пәнінің мұғалімі;
  • медицина қызметкері;
  • кітапханашы
Педагогикалық шарттар: 
  • оқушылардың ортақ істі әзірлеу мен дайындауға, лагерь жұмысын ұйымдастыруға қосылу еріктілігі; 
  • оқушылардың әртүрлі қызметке жеке және ұжымдық түрде қосылуының үйлесімі (шығармашылық, дамытушы, зияткерлік); 
ü  сайыс, конкурс нәтижелері туралы, қандай да бір іске қатысу жағдайлары туралы жүйелі түрде ақпараттандыру;
ü  баланың өзін іс жүзінде сәтті көрсетуін қамтамасыз етуге ықпал ететін жас және тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық құралдарды іріктеу;
ü  белгілі бір қызмет түрінен басқасына ауысу мүмкіндігін қалыптастыру; 
Әдістемелік қамту:
ü  лагерь жұмыс жоспарларының, кесте-жоспардың, басқарушы құрамның кезекшілік кестесінің болуы; 
ü  мектеп жанындағы   лагерді ұйымдастыру туралы бұйрық; 
ü  лагерь бағдарламасына сәйкес әдістемелік материалдар, педагогикалық қызмет нәтижелері мен лагерь тәрбиеленушілерінің қызметін қадағалау жүйесін әзірлеу, қорытынды шығару, қол жеткізген жетістіктер мен нәтижелердің жариялылығын қамтамасыз ету.

Жоспар бойынша жүргізілген іс-шаралар

мен жұмыстардың нәтижесі:

  • Лагердің ашылуы. Балаларды қорғау күні.

Жүргізілген жұмыстар

  • Лагерьдің ашыл салтанатты жиыны;
  • Лагерь бұрышын безендіру жұмыстары;
  • Топ басшысын таңдау;
  • Әр топтың жеке бұрыштарының дизайны,  атауы, ұраны,белгісі, топ ережесін құру;
  • "Кітаптар әлеміне саяхат!"
  • "Таныс болыңыз, бұл-Мен!" байқауы
  • Асфальтқа сурет салу
  • Оқушыларға тәттілер тарату

"Күншуақ" лагерінің дәлізі

Лагердің ашылу салтанатты жиыны

 


 


Лагерь бұрышын безендіру жұмыстары


Топ ережесі


Топ көшбасшысын таңдау

 
 

"Кітаптар әлеміне саяхат"

                                           

"Таныс болыңыз, бұл-Мен!" байқауы

Асфальтқа сурет салу

 
 


Оқушыларға тәттілер тарату

                                      
     2020-2021   оқу жылының 1- маусымы күні мектеп жанындағы "Күншуақ" жазғы лагері өз жұмысын бастады.  Лагерге барлығы 70 оқушы  келді. Мектеп медбикесі  А.Т.Курбаналиева келген  оқушылардың әрқайсысының  дене қызуын өлшеп, денсаулықтарын тексерді.  Оқушыларға лагерь кезіндегі сақтық шараларын қалай сақау керектігі туралы ескертіліп айтылды.
 Мектеп басшылығы және лагерь қызметкерлерінің  қатысуымен "Күншуақ" лагерінің ашылуы салтантты түрде ашылды. Салтанатты жиынды   мектеп директоры К.Т.Касымова  оқушыларды жазғы демалысқа шығуларымен құттықтап, демалыстарының көңілді, пайдалы әрі сәтті өтуіне тілек айтты.  Мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары Ж.К.Таханова және Г.М. Канищева  өз кезектерінде оқушыларды  жазғы демалыстың қызықты өтуіне ат салысуға шақырды. 
       Салтанатты жиын оқушылардың өнерлерін тамашалаумен және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері  Д.А.Еңсебаев пен К.В.Баянованың  ұйымдастыруымен өткен  флешмобпен  жалғасты.  
      Салтанатты жиыннан кейін оқушылар  бес топқа бөлініп, топ жетекшілерімен бірге әр топтың лагерь бұрышын безендіру, жеке дизайндарын шығару,топтың атауын, ұранын,белгісін, топ ережесін құрумен жалғасын тапты. Сонымен қатар оқушылар бір-бірімен танысып, өз араларында топ көшбасшыларын таңдады. 
1-топ құрамын  1- қазақ сыныптарының  оқушылары құрады. 
Топ жетекшісі - Ж.К.Таханова. Топтың көшбасшысы - Хасенова Балнур. 
Топтың атауы - "Ертегілер".
2- топ құрамын 1,2- орыс сыныптарының оқушылары құрады.
 Топ жетекшісі - Г.М.Канищева. Топ көшбасшысы - Лазарева Мирослава.Топтың атауы - "Солнышко".
3-топ құрамын  2,3-қазақ сыныптарының оқушылары құрады. 
Топ жетекшісі - П.Б.Бутинбаева. Топтың көшбасшысы - Бейсен Алихан. Топтың атауы - "Сұңқар".
4- топ  құрамын 4,5-орыс сыныптарының оқушылары құрады. 
Топ жетекшісі - З.А.Илиева. Топ көшбасшысы - Казей Анна.Топтың атауы - "Сказка".
5- топ құрамын 4,5- қазақ сыныптарының оқушылары құрады. 
Топ жетекшісі - А.М.Серекеева. Топ көшбасшысы - Н.Н.Балықбаева.  Топтың атауы - "Қыран".
Әр топ жетекшісі "Өмір қауіпсіздігі" викторинасын ұйымдастырып, оқушыларды лагерь кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.
      Мектеп психологы А.М.Ахметбекова әр топпен "Таныс болыңыз, бұл - Мен!"
байқауын өткізді. Оқушылардың бір-бірімен жағымды қарым-қатынастарын құру мақсатында  танысу тренингі жүргізілді.
      Әр топтың ішкі жұмыстары аяқталғаннан кейін  мектеп кітапханашысы Н.Т.Даулетова оқушыларды "Кітаптар әлеміне саяхатқа" шақырды. 
Н.Т.Даулетова кесте бойынша әр топпен жеке жұмыс жасады. Оқушыларды жазғы демалыс кезінде уақыттарын пайдалы өткізуге шақырды, қызықты әрі пайдалы әдебиеттермен, қызықты оқиғалармен, мәліметтермен бөлісіп, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын оятты.
       1-маусым   балаларды қорғау күніне орай оқушылар асфальтқа мерекелік суреттер салды. Суреттердің мағыналы, әдемі болуына көркем еңбек пәнінің мұғалімі  В.Бақытбекқызы басшылық етті.
       Сонымен қатар мектеп тарапынан мерекеге орай оқушыларға тәттілер таратылды. Жақсы тілектер айтылды.
       Сонымен қатар оқушылардың таза ауада серуендеуіне, таза ауада  бойларын жазуға да көңіл бөлінді.Лагерь жоспарымен таныстырылып, өздерінің қандай дайындықпен келулері керектігі түсіндірілді.
    Мектеп жанындағы "Күншуақ" жазғы лагерінің алғашқы күні оқушылардың көңілінен шықты. Оқушылардың көңіл- күйлері жоғары деңгейде болды.  Барлық санитарлық-эпидемиологиялық  талаптар сақталды.


  • Театр  күні (День Театра)

Жүргізілген жұмыстар

ü  Оқушыларды жазғы лагерге қабылдау
ü  Таңғы жаттығу 
ü  Топ жетекшілерінің   жеке топпен жұмыстары ( театр туралы ақпараттар, театр туралы танымдық мәліметтер,видеороликтер мен презентациялар және слайдтар) 
ü  Викториналық сұрақ- жауап   - Театр мәдениеті
ü  Өз қолыммен маска түрлерін жасаймын 
ü  Ертегі оқу- қызықты ермек
ü  Ағылшын тілінде сөйлеймін
ü  Таза ауамен тыныстау

Оқушыларды жазғы лагерге қабылдау

Таңғы жаттығу

                                                     

Топ жетекшілерінің  жеке топпен жұмыстары

                                                                                                                                                 
 
                                                   
                                          

Викториналық сұрақ- жауап  - Театр мәдениеті


 
                                        

Ертегі оқу- қызықты ермек

Ағылшын тілінде сөйлеймін

     

Таза ауамен тыныстау

 
  • Жаяу жүргіншілер  күні (День Пешехода)

Жүргізілген жұмыстар

ü  Оқушыларды жазғы лагерге қабылдау
ü  Таңғы жаттығу 
ü  Топ жетекшілерінің   жеке топпен жұмыстары ( жол ережесі туралы ақпараттар, бағдаршам, жол белгілері туралы танымдық мәліметтер,видеороликтер мен презентациялар және слайдтар) 
ü  Викториналық сұрақ- жауап   - Біз және жол (Мы и дорога)
ü  Жол жүру белгілері   бұрышы
ü  Спорттық дамыту ойындары
ü  Таза ауамен тыныстау

Таңғы жаттығу


Топ жетекшілерінің  жеке топпен жұмыстары

 

Спорттық дамыту ойындары

 
    
 
                                                                                                                                          
  • Елжандылық  күні  (День Патриотизма)

Жүргізілген жұмыстар

ü  Оқушыларды жазғы лагерге қабылдау
ü  Таңғы жаттығу 
ü  Топ жетекшілерінің   жеке топпен жұмыстары ( Елжандылық туралы ақпараттар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері  туралы танымдық мәліметтер,видеороликтер мен презентациялар және слайдтар) 
ü  Викториналық сұрақ- жауап   - Қазақстан Республикасының Мемлекттік рәміздері 
ü  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері тақырыбында сурет салу, оқушылардың   шығармашылық жұмысы
ü  Спорттық дамыту ойындары
ü  Таза ауамен тыныстау


Таңғы жаттығу

 
 

Топ жетекшілерінің  жеке топпен жұмыстары


Викториналық сұрақ- жауап

Қазақстан Респудликасының Мемлекеттік рәміздері

 

Спорттық дамыту ойындары

 

                                                                                                                                   
  • Шығармашылық  күні  (День Творчества)

Жүргізілген жұмыстар

ü  Оқушыларды жазғы лагерге қабылдау
ü  Таңғы жаттығу 
ü  Топ жетекшілерінің   жеке топпен жұмыстары ( Шығармашылық туралы ақпараттар, арман- мақсат туралы  қысқаметражды фильм көру) 
ü  Ойындар картасы
ü  Жазғы ашық хат,оқушылардың  шығармашылық жұмысы
ü  Спорттық дамыту ойындары
ü  Таза ауамен тыныстау

Таңғы жаттығу

 
 

Қысқаметражды фильм "Арман"

 
 
 

Ойындар картасы

 


Оқушылардың   шығармашылық жұмысы

Спорттық  дамыту ойындары, таза ауамен тыныстау

 
                                                                                                          
                                                                                                                                                      
  • Музыка   күні  (День Музыки)

Жүргізілген жұмыстар

ü  Оқушыларды жазғы лагерге қабылдау
ü  Таңғы жаттығу 
ü  Топ жетекшілерінің   жеке топпен жұмыстары ( Музыка туралы ақпараттар, "Абайла, тілсіз жау!" өрт қауіпсіздігі туралы мәліметтер) 
ü  "Музыканттардың балалық шақтары" 
ü  Сиқырлы микрофон, қай мультфильм әуені? ойындары
ü  Спорттық дамыту ойындары
ü  Таза ауамен тыныстау

Таңғы жаттығу

Топ жетекшілерінің топпен жұмыстары

               

Спорттық дамыту ойындары

 
                                                                                   
  • Ит баптаушылар  (День Кинолога)

Жүргізілген жұмыстар

ü  Оқушыларды жазғы лагерге қабылдау
ü  Таңғы жаттығу 
ü  Топ жетекшілерінің   жеке топпен жұмыстары ( Кинолог мамандығы туралы ақпараттар, үй жануарлары туралы қызықты мәліметтер) 
ü  "Ит - адамның досы", "Мой четвероногий друг"
ü  Спорттық дамыту ойындары
ü  Таза ауамен тыныстау

Таңғы жаттығу

 

Топ жетекшілерінің топпен жұмыстары

 
 
                                                                                                                                
  • Достық   (День Друзей)

Жүргізілген жұмыстар

ü  Оқушыларды жазғы лагерге қабылдау
ü  Таңғы жаттығу 
ü  Топ жетекшілерінің   жеке топпен жұмыстары ( Достық туралы қызықты мәліметтер және кино) 
ü  "Достық" өлең оқу байқауы
ü  Спорттық дамыту ойындары
ü  Таза ауамен тыныстау


Топ жетекшілерінің топпен жұмысы

                                                                                                                    
                                                              


Спорттық дамыту ойындары

 

Таза ауамен тыныстау

 
                                                                                                                
                    
  • Спорт күні ( День Спорта)

Жүргізілген жұмыстар

ü  Оқушыларды жазғы лагерге қабылдау
ü  Таңғы жаттығу 
ü  Оқушыларды спорт күніне арналған іс- шаралармен таныстыру
ü  Спорттық   эстафеталық жарыс
ü  Тәтті тарату
ü  Таза ауамен тыныстау
 
                                     
                                                                                                                          
Мектеп жанындағы "Күншуақ" жазғы лагері  өз жұмысын жоспар бойынша жүргізді. Мектеп қызметкерлері оқушыларды  күнделікті жақсы көңіл- күймен қарсы алып, мектеп медбикесі әр оқушының денсаулығын тексеріп отырды.       
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері  К.В.Баянова және Д.А.Еңсебаев оқушыларға  көңілді әуенмен  таңғы жаттығулар жасатты.  Дене жаттығуының адам денсаулығына пайдасы туралы мәліметтер   оқушыларға үнемі айтылып отырды. Көңілді әуенмен  жүргізілген жаттығулар балалардың   өз уақыттарын лагерде жақсы көңіл- күймен өткізуіңе ықпал етті.
      Таңғы жаттығудан кейін оқушылар жоспар бойынша жұмыстарын өз топтарында жалғастырды. Топ жетекшілері оқушыларға күнделікті бағдарламалар мен алдын-ала жасалынған кесте  бойынша тақырыптық  ақпараттармен, танымдық мәліметтермен, қызықты деректермен бөлісті. Оқушылар әртүрлі тақыптар бойынша  фильмдерден үзінділер, видеороликтер,  презентациялармен мен слайдтар  тамашалап отырды..
        Топ жетекшілері  жұмыстарын бекітілген тақырыптарда  викториналық сауалнамалар ұйымдастырып отырды, оқушылар сұрақтарға жауап берді және осы тақырыптар бойынша  өздері білетін мәліметтерімен және өз ойларымен үнемі  бөлісіп отырды..
       Бейнелеу және көркем еңбек пәнінің мұғалімі В.Бақытбекқызы  "Өз қолыммен " айдары бойынша   әртүрлі материалдардан  тақырыптық қолөнер бұйымдарын  жасатты. Оқушыларға қолөнермен айналысу ерекше ұнады. Жұмыс соныңда өздері жасаған қолөнер бұйымдары бойынша бір- біріне сұрақтар қойып кері байланыс жасап отырды және өздері құрастырған кейіпкерлерін сомдап, актерлық  шеберліктерін көрсетті.
       Мектеп кітапханашысы Н.Т.Даулетова әр топпен  жеке жұмыс жасады. Н.Т.Даулетова оқушыларды әлемдік  театр және кино  актерларымен, спектакль қоюшы мамандардың жұмысымен, театр түрлерімен, театрда қойылатын қойылымдардың авторларымен, шығармалармен таныстырды. Музыка әлеміне балалармен бірге саяхат жасады. Оқушылардың бос уақытта қызықты кітаптар оқуын қадағалады. Оқушылардың қызығушылығын арттыратын қызықты оқиғалармен, әңгімелерімен бөлісті. Әр күнгі  кітап таныстырылымы сонында кері байланыс сұрақтары қойылып, белсенді болған оқушыларға өзінің сыйлықтарын табыс етіп отырды..
     Ағылышын пәнінің мұғалімі М.Т.Бакебаев  "Мен ағылшынша сөйлеймін" тақырыбында танымдық сабақтар өткізді. Оқушылар өздерінің ағылшынша сөздік қорларының деңгейін байқады және жазғы демалыс кезінде сөздік қорларын көбейтуге өз жоспарларын құрды.
       Оқушылардың белсенді қимыл- қозғалыста болуларына ерекше көңіл бөлінді. Спорттық -эстафеталық, дамыту жаттығулары үнемі жасалынып отырды. Эстафеталық ойындар оқушыларға ерекше ұнады, барлық оқушылар топтық алған орындары бойынша медалдармен марапатталды.
        Сонымен қатар топ жетекшілері оқушылардың таза ауамен тыныстауын, табиғат аясында демалуларын да ұйымдастырды.
         Барлық іс- шаралар оқушы денсаулығына зиян келтірмеу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай өтті.  Мектеп медбикесі А.Т.Курбаналиева әр оқушыға жеке көңіл бөліп, денсаулықтарына баса назар аударды.
Мектеп жанындағы "Күншуақ" жазғы лагері өз жұмысын нәтижелі, жоғарғы деңгейде аяқтады.