Емтиханға дайындық » №31 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Емтиханға дайындық
29
мамыр
2021

Емтиханға дайындық

Емтиханға психологиялық тұрғыдан дайындау - презентация онлайн
ҰБТ – ға психологиялық тұрғыдан қалай дайындалу керек?

Тест тапсыруды ешкім арнайы үйретпейді, сондықтан сәйкес психотехникалық білімдер өте пайдалы. Олар тестілер мен емтихандарға дайындықтың нәтижелігін арттырып қана қоймай, тест уақытында өзін жақсы ұстауға мүмкіндік береді, ой жұмыстары дағдыларының дамуына әсер етеді, шешуші сәттерде өзін қолға алуға, өзіндік эмоцияларға ие болуға үйретеді. ҰБТ процедурасы жоғары жинақылықты, ойды жинақтауды, ұқыптылық пен ыхтияттылықты, жоғары икемділікті талап етеді: бір тапсырмадан екінші тапсырмаға тез ауысу қажет.
Тестілерді тапсыру процесінің психологиялық жабдықталуы туралы сұрақты талқылай отырып, 3 негізгі кезеңді атап өту қажет:
1. Тестке дайындық, тест алдында оқу материалын меңгеру;
2. Тестілеу алдындағы көңіл – күй;
3. Тест уақытындағы көңіл – күй.
Емтихандарға, тестілеуге қалай дайындалу қажет:
Дағдарысты жағдайда бастарыңыз айналып қалмауы үшін өз мақсаттарыңызға жету үшін аса ауқымды міндеттер қоймаңыз.
Жағдай ушыққанын күтудің қажеті жоқ. Тестілеуге дайындықты алдын ала, сабырлықпен, аздап, бөлшектеп бастау керек.
Ой мен күшті жинау өте қиын болса, бірінші ең оңайын жаттап алып, содан соң қиын материалды меңгеруге ауысу керек.

Күн сайын ішкі ауырлықты, шаршауды басатын, дем алдыратын жаттығулар жасауға кеңес береді.
Тестілеу мен емтихандарды жақсы тапсыру үшін психологиялық дайындықты дәл қазір бастауға болады. Кез келген сынақтың сәттілігі нақты білімге (біздің мектебіміз оны жеткілікті көлемде береді) ғана емес, адамның жоғары нәтижелерге жету қабілетіне де тәуелді.
Ол неге байланысты?

Ең бірінші өзін – өзі бағалауға байланысты. Өзін – өзі бағалау – өзін басқа адамдарға қатысты бағалау. Ол өзіндік маңыздылық сезімінің негізінде қалыптасады және оған келесі компоненттер әсер етеді.
Бірінші компонент – мені басқалары қалай бағалайды. Мұнда: нақты және субъективті бағалау ұғымдарының арасын ажыратып алу керек. Яғни, басқалары мені мен ойлағандай бағалай ма? Оны білу үшін өзіңіздің екі портретіңізді салыңыз: 1- “Мен басқа адамдардың көзімен”, 2 – “Мен шынымен”. Осы портреттердің айырмашылықтарына зер салып қарау керек.
Әріптесіңізден немесе туыстарыңыздан Сіздің портретіңізді салып беруін сұрауыңызға болады. Осы портреттерді салыстырыңыз – Сізде өзіңіз туралы көп жаңа ақпарат пайда болады.
Екінші компонент – мен өзімді қалай бағалаймын. Бұл жағдайда да Сізге екі портрет көмектеседі. Біреуі Сізде салынып қойған – “Мен шынымен”, екінші портрет – “Мен мінсіз “.
Олардың да айырмашылықтарын табыңыз.
Өзінің бағасы өте төмен болғандарға айтатынымыз – қорықпаңыз, төмен өзіндік баға – жастық шақта қалыпты жағдай, оны жаттығулар арқылы көтеруге болады. Мысалы, мынадай:
1. Өзіңіздің мақтан тұтатын және соңғы бір жылда мақтанатын бес жетістігіңізді жазыңыз.
2. ————соңғы жарты жылда (алдыңғылармен қайталамау)
3. ————соңғы айда
4. ————соңғы аптада
5. ————соңғы күні
Тапсырманың қиындығы қалай өсіп отырғанын қараңыз. Бұл үлкен жетістіктерге ғана емес, кіші, күнделікті жетістіктерге мақтануға мүмкіндік.
Сәтті жұмыс жолындағы екінші құраушы – уақытты бос өткізбеу. Адам ресуртарының шексіз емес екендігін, жақсы жұмыс істеу үшін демалу қажет екенін ұмытпаған жөн. Өзіңізге келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Өзімді жақсы сезіну үшін маған қанша уақыт ұйықтау керек?
2. Мен үшін демалыс деген не (маған каникулда, демалыс күндері, бір күн бойы қалай демалған жақсы)? Яғни өзіңнің “ресурстық” жағдайларыңды анықта.
3. Мен энергиямды – физикалық, зияткерлік, эмоцианалдық қалай жұмсаймын?
Күн тәртібі

Бір күнді үш бөлікке бөліңіз:
– емтиханға күніне 8 сағаттан дайындал;
– спортпен шұғылдан, таза ауада серуенде, би кешіне бар, биле, яғни белсенді демалысқа уақыт бөл;
– кем дегенде 8 сағат ұйықта; егер қажет болса, қаласаң түстен кейін ұйықтап ал.
Тамақтану

3-4 рет, калориялы, дәруменге бай тағамдармен тамақтану қажет. Тамақтанғанда греция орехтерін, сүт өнімдерін, балық, ет, көкөністер, жеміс – жидек, шоколад қолдан.
Тағы бір кеңес – емтихан алдында көп тамақ жемеңіз.

Оқу орны

Өзіңнің жұмыс орныңда дұрыс ұйымдастыр. Үстеліңе сары немесе күлгін түсті заттар немесе сурет қой, себебі бұл түстер зияткерлік белсенділікті арттырады.
Ауқымды материалды қалай есте сақтауға болады?

Материалды сұрақ бойынша қайтала. Басында барлық білетініңді еске түсіріп, жазып қой, содан соң барып мерзімдердің, негізгі фактілердің дұрыстығын тексер. Оқулықты оқи отырып негізгі ойларды белгіле – бұл жауаптың тірек пункттері. Әрбір жауапқа жауаптың қысқаша жоспарын бөлек кішкене қағаздарға жазып үйрен. Емтиханға бір күн қалғанда жауаптың қысқаша жоспары бар қағаздарды қара.
Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары
1. Есте сақтау қиындығы көлемге пропорционалды өспейді.
Қысқа нақыл сөздерге қарағанда үлкен үзінділерді жаттаған пайдалырақ.
2. Бірдей жұмыс болған жағдайда есте сақтау мөлшері түсіну деңгейі жоғары болған сайын артады.
3. Қалыптасқан жаттау концентрленгенге қарағанда жақсы. Бәрін бірден жаттағанша, бөліп жаттаған жақсы, бәрін бірден жаттағанша, бөліп-бөліп жаттаған жөн.
4.Бірнеше рет оқуға қарағанда, есте қалғанды қайталап айту тиімдірек.
5. Егер екі – үлкен және кіші материалдармен жұмыс істесең, үлкенінен бастаған дұрыс.
6. Адам ұйықтағанда есте сақтамайды, ұмытып та қалмайды.
Үшінші құраушы бірінші және екінші құраушылармен тығыз байланысты – бұл стресс-факторлармен күрес.
Стресс – бұл қоршаған орта жағдайларының өзгеруіне жауап беру әдісі. Қалыпты жұмыс үшін өмірлік жағдайлардың өзгерістері мен талаптарына бейімделуді үйрену қажет. Бұл физикалық, сондай – ақ эмоционалдық қолайлылыққа байланысты. Қатты стресс алған кезде адам қоршаған ортаға нашар бейімделеді, ол мазасыз, оны қорқыныш билейді, оның назар аудару, есте сақтау, ойлау қабілеттері төмендейді. Адам ұзақ уақыт әрдайым шаршап жүретін созылмалы стрессте жүрсе, қалпына келу мүмкіндігінсіз шаршайды, ол түрлі аураларға тез шалдығады, оның ойлау қабілеттері де төмендейді.
Емтихандар кезінде адам қобалжиды. Бұл жауапты сәтте жинақталуға көмектесетін қалыпты жағдай. Егер Сіз тым қатты қобалжысаңыз немесе стрессті жағдайда Сізге ерекше қиын екенін түсінсеңіз, бірнеше тыныс алу жаттығуларын жасаңыз. Мұрынмен ұзақ тыныс алыңыз және ауыздан дем шығарыңыз, дем шығару тыныс алуға қарағанда екі есе ұзақ. Күн сайын бірнеше минуттан жаттыға отырып денеңізді бос ұстап үйреніңіз. Сіз үрейдің баяу сейіліп, есіңізді жинайсыз. Күні бойы өзіңізге кішігірім қуаныштар сыйлауға тырысыңыз: өзіңізді дәмді аспен еркелетіңіз, жаңа шаш үлгісін жасатыңыз, өзіңізге жағымды адаммен сөйлесіңіз.
Емтихан алдында әрбір күн сайын қанша материал меңгеру керектігін жоспарлаңыз және өз жоспарыңызды қатаң орындаңыз. Үзілістермен жұмыс істеңіз, қатты шаршамаңыз.

Үзілістерде көп қозғалыңыз (серуендеңіз, билеңіз, физикалық жаттығулар жасаңыз, ән салыңыз) немесе сергіп алыңыз (тыныс алу жаттығуларын жасаңыз, медитация, демалатын жаттығулар, қысқа мерзімді ұйқы). Көзіңіз бен омыртқаңызға ауыртпалық түсірмеңіз – олар Сізге әлі қажет болады.
Емтихан алдында ұйқыны қандырған жөн. Киіміңізді дайындаңыз – іскерлік және ыңғайлы, Сізге ұнайтын және ресми шараға үйлесетін болсын. Өз-өзіне сенімді адам ретінде қалай көрінуге болатынын ойластырыңыз, әдетте бұл қолдау болады және стрессті жеңуге көмектеседі. Өзіңізді Мен сынақты жеңемін деп сендіріңіз. Бұл күні Сіз жалғыз емессіз, Сіздің мыңдаған қатарластарыңыз да Сізбен бірге. Сондай-ақ, Сіздің туысқандарыңыз да Сіз үшін қобалжуда және үрейдің көп бөлігі сол кісілерде.
Емтихан күні.

Емтихан алдында көп тамақ ішпеуге кеңес береміз. Кешігіп қалармын деп уайымдамау үшін үйден сәл ертерек шығыңыз. Кабинетке кірместен бұрын қатты қобалжып тұрған, адамдармен араласпаңыз, бөлек шығып, жинақталыңыз, тыныс алу жаттығуларын жасаңыз.
Емтихан болатын кабинетті жақсылап қарап шығыңыз, таныс ортада қорқыныш басылады. Тапсырма үлестірілгеннен кейін бірінші шешімін таба аламын деп ойлаған тапсырмаларға көз жүгіртіңіз. Егер сізге бірден барлық тапсырмалар түсінікті болмаса қобалжымаңыз, Сіз оңайынан бастап орындай бастаған сайын нәтиже арта түседі, күрделі тапсырмалар да түсінікті бола бастайды. Егер бір сәтте Сізге жинақталу қиынға соқса да қорықпаңыз, кейбір адамдарда тіпті жұмыста та құлдырау болады, артынша бәрі қалпына келеді. Мұндай жағдайда Сізге қайтадан тыныс алу жаттығуларын жасау қажет: мұрынмен терең дем алыңыз, содан соң баяу дем шығарыңыз.
Барлығын жазып болған соң жұмысты өткізуге асықпаңыз.
“Жаңа ойлар хатты жапқаннан кейін келеді”.

“Конвертті жабыстыру” жұмысын ысыра тұрыңыз, терезеге, өз қолыңызға қараңыз, бір минуттан кейін жұмысыңызды қайта алып, қайтадан бір қарап шығыңыз.
Тіпті Сіз емтиханды өзіңіз ойлағандай тапсырмасаңыз да, оны дұрыс қабылдаңыз.
Кеудеңізді өкініш кернеп, өзіңізді бақытсыз сезінуіңіз мүмкін – бұл сезімдерге ерік бермеуге тырысыңыз. Ұмытпаңыз, бұл жағдайды түзетуге болады, ол өтеді де кетеді және Сіздің өміріңізде әлі талай жеңістер болады.