Жемқорлыққа жол жоқ! » №31 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жемқорлыққа жол жоқ!
21
қаңтар
2021

Жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық білім саласында – бұл жеке пайда көру үшін қызметтік жағдайын пайдалану, бұл білім алуға, оның сапасына, әділдігіне, зияткерлік адалдыққа барынша ықпал етеді.
   Қазақстандық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика мен мәдениет «Мәңгілік ел», «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші
мемлекет» идеологияларының, Адам, Еркіндік, Ынтымақтастық, Болашаққа талпынушылық секілді әмбебап құндылықтардың және «Заң», «Әділдік», «Тең құқықтық» секілді іргелі ұғымдардың төңірегінде құрылады.

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінқорғау,заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл міндеттерін, негізгі қағидаттарын және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шараларын айқындайды.
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет – сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» шыдамдылық ортасын құру – мектеп жасынан бастап білім берудің барлық деңгейінде қалыптасуы тиіс.
   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттары: құқықтық регламентация, жүйелілік, жалпылық, ашықтық, жариялылық, есептілік және бақылау.