«Адал Ұрпақ» еріктілер оқушылар клубының 2021-2022 оқу жылының 1 жарты жылдықтағы атқарған іс-шаралар есебі » №31 мектеп
Municipal public public institution
«Secondary school №31»
Education Department of Almaty
Reception room:
+7(7272) 57-08-68
bookkeeping:
+7(7272) 57-08-69
Version for
visually impaired
» » » «Адал Ұрпақ» еріктілер оқушылар клубының 2021-2022 оқу жылының 1 жарты жылдықтағы атқарған іс-шаралар есебі
10
қаңтар
2022

«Адал Ұрпақ» еріктілер оқушылар клубының 2021-2022 оқу жылының 1 жарты жылдықтағы атқарған іс-шаралар есебі

«Адал Ұрпақ» еріктілер оқушылар  клубының  2021-2022 оқу жылының             1 жарты жылдықтағы атқарған  іс-шаралар есебі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша  «Адал ұрпақ» оқушылардың ерікті клубы өз жұмысын жалғастырды. Клубта 2021-2022 оқу жылы юойынша 5-11 сынып оқушыларынан құрылған 160 мүше бар. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Қыркүйек айында   «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жоспары құрылды,
 «Адал ұрпақ» еріктілер клубының бұрышы  жаңартылды,
 «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы туралы ереже жасалды.
бекітілген барлық құжаттар және атқарылған іс-шаралар мектеп сайтына жарияланып отырды.
Жоспар бойынша «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубының отырыстары ұйымдастырылып отырды. «Адалдық сағаты» сынып сағаттары клуб мүшелерінің қатысуымен  өткізілді.4-5 сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында тәрбиелік сағат өтті.  Жоғары сынып оқушыларымен «Біздің тандауымыз құқықтық мемлекет»дөңгелек үстел ұйымдастырылды.