«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны » №31 мектеп
Municipal public public institution
«Secondary school №31»
Education Department of Almaty
Reception room:
+7(7272) 57-08-68
bookkeeping:
+7(7272) 57-08-69
Version for
visually impaired
» » «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны
25
қараша
2021

«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны

«ЖББ №31 мектеп» КММ 09.11-20.11 аралығында  «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқан аясында жоспар жасалып,төмендегідей іс-шаралар өтті:
  1. «Бақытты отбасы» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Жауапты мұғалім :Мұқашева Ф.А.  
  2.  Көрме мақсаты: Оқушылардың белсенділігін, құқықтық сауаттылығын ашу болды.
  3.  1-11 сынып ата-аналар жиналысында «Отбасы және баланы тәрбиелеу» тақырыбы қаралды. Баланы тәрбиелеудегі отбасының орны, отбасы құндылықтары туралы әңгіме жүргізілді.
  4. 9-11 сынып оқушылары «Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру жолдары» тақырыбында эссе жазды. Жауапты мұғалімдер: қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Бектұрғанова Г.А., және орыс тілі пәні мұғалімі Тилекеева Н.Н.   Тақырыпқа сай мәнерлі, мазмұнды эссе жазған 10 «а» сынып оқушылары мадақталды.
  5. Мектеп тәлімгері Н.Мырзағали оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелерімен «Тоқта! Зорлық-зомбылық» тақырыбында үндеу іс-шарасын ұйымдастырды. Мақсаты: барлық балалар бақытты болуға міндетті, зорлық-зомбылықсыз балалық шақта өмір сүруге құқылы екендігін көрсету болды.
  6. 16.11  барлық сыныптарда « Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында сынып сағаттары өтті. 
  7. 8  сынып оқушыларымен бақытты балалық шақ және отбасылық құндылықтарды насихаттайтын бейнеролик жасалып,мектеп сайтында жарияланды.Жауапты мұғалім: Қыдырханова С.К.
  8.  «Балаларға қатысты қатыгездік нысандары мен оның зардаптары» жөнінде Түрксіб ІІБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлім учаскелік инспекторы,полиция капитаны М.Е.Джембабаева 8-9-10 сынып оқушыларымен әңгіме жүргізді.