ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ » №31 мектеп
Municipal public public institution
«Secondary school №31»
Education Department of Almaty
Reception room:
+7(7272) 57-08-68
bookkeeping:
+7(7272) 57-08-69
Version for
visually impaired
» » ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
13
қыркүйек
2021

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін болады.
 Барлық қазақстандықтарды шын жүректен жаңа мерекемен құттықтаймыз!
Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек.
Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді.
Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие - бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі.
Отбасылық құндылықтарды, көпбалалықты насихаттау - бұл біздің мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі. Тәуелсіздік жылдары 6 миллионнан аса қазақстандық дүние есігін ашты. Ал еліміз азаматтарының жалпы саны 17 миллионнан асты. Бұл Қазақстан Республикасындағы отбасылық-демографиялық саясаттың дұрыстығының, халқымыздың әл-ауқатының артқандығының барынша айғағы.
Отбасы күні барша қазақстандықтарға амандық және баянды отбасылық бақыт тілейміз. Әрбір қазақстандық отбасының өркендеуімен біздің Қазақстанымыз, біздің Отанымыз нығая берсін.

Похожие публикации:

01 қыркүйек 2021 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
12 қыркүйек 2020 Құттықтаймыз