Тәуелсіздік шежіресі » №31 мектеп
Municipal public public institution
«Secondary school №31»
Education Department of Almaty
Reception room:
+7(7272) 57-08-68
bookkeeping:
+7(7272) 57-08-69
Version for
visually impaired
» » Тәуелсіздік шежіресі
22
шілде
2021

Тәуелсіздік шежіресі

1994 жыл. Мемлекет ретінде әлемдік картадан орын алып, өз Туымызды желбіреттік, елдік таңбамызды - Елтаңбамызды бекіттік, Әнұранды шарықтатып, төл теңгені тұғырына қондырдық. Халықаралық қатынас жөнге келіп, достық байланыстар артып, сауда-саттық жайлана бастады. Әйтсе де ел ішіндегі қиыншылық әлі де тірлікті шатқаяқтатып тұрды. Бұрынғы жүйедегі кеңшарлар мен ұжымдық бірлестіктер тоз-тозы шығып, жекеменшік ұғымы жайлап ене бастаған тұс. Ортақ шаруашылықта жұмыс жасағандардың жекеменшікке әлі де үрке қарайтын кезі. Бір жағынан инфляция барынша шарықтап, қаржылық дағдарыс жағадан алған шақта бәрін де өкіметтен күтіп үйреніп қалған халық нарықтық қарым-қатынасқа «күмп» беруге кібіртіктеп тұрды. «1994 жыл. Тәуелсіздік туымыз тігілгеніне төртінші жыл. Үлкеннің де, кішінің де жан дүниесінде тыныштық жоқ. Елде аласапыран. Далада да, қалада да сергелдең. Өмірге келгеніне бір жыл ғана болған теңгеміздің, еркіндігіміздің қадір-қасиетін түсініп, бағалап жатуға қара халықтың мұршасы болMay жатқан кез. Жылдың басында 7 теңгеміз АҚШ-тың 1 доллары болса, жыл аяғында 3-4 есеге жетіп, құлдырай бастады. Жинақ кассаларының алды ығы-жығы халық. Купон хикаясы басталды. «Әлемсистем», «Бутя-капитал» деген корпорациялардың: «Купондарыңызды біздің есеп шотқа салыңыз! Біз экономиканы аяғынан тұрғызамыз!» деген жарнамалары газет-журнал мен теледидар беттерінен түспейді. Осындай ұрандардан басы айналған халық жинақ кассаларының алдын бермейді. Біздің үйдің купондарын қандай есепшотқа салғанымыз есімде қалмапты, әйтеуір ұшты-күйлі хабарсыз кетті... Бірақ, біз еңсемізді көтере ұстап, кез келген жерде, кез келген жиында бұрынғыдай қыстырылып-қымтырылMay, жуасып-жасқаншақтаMay өз ана тілімізде сөйлейтін болдық. Ойымызды ана тілімізде ашық айту мәртебесіне жеттік. Бұл - тәй басқан тәуелсіздігіміздің тауқыметпен келген жеңісінің басы еді...» Белгілі ақын, жазушы Фариза Оңғарсынова өзінің баспасөз бетінде жариялаған «Тәуелсіздік толғауында» осылай деп жазады. Тәуелсіздіктің бұндай жеңісінің арқасында тек туған тілде тебірене сөз қозғап қана қойMay, тұңғыш рет ұлтымыздың ұлы тұлғаларын кеңінен дәріптеуді қолға алдық. Соның арқасында Ілияс, Бейімбет, Тұрар, Сұлтанбек, Сәкендердің 100 жылдығы кең ауқымда атап өтіліп, қарғыс атқыр кеңестік жүйенің келмеске кеткенін ел‑жұрт шын мәнінде түйсініп, Тәуелсіз дамуға ұмтылысты толастатпады. Әйтсе де, Тәуелсіздіктің алғашқы күніндегі секілді осы жылдардағы ең басты мәселе - елдегі тұрақтылық пен тыныштықты көздің қарашығындай сақтау еді. Сонымен қатар, дәл осы жылы Жоғарғы Кеңес астананы Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылдады. Дәлірек айтқанда, 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түрлі мемлекеттердің астананы ауыстыру жөніндегі тарихи тәжірибесімен, ғылыми негіздемелерімен, геосаяси қажеттілікпен тұжырымдалған баяндамасымен жан-жақты түсініктерінен кейін көпшілік дауыспен «Қазақстан Республикасының The presidentі Н.Ә.Назарбаевтың мемлекет астанасын Ақмола қаласына ауыстыру туралы ұсынысына келісім берілсін» деген тарихи шешім қабылданып, жария етілді. Бұл да Елбасы көрегендігі арқасында ел болып атқарылатын үлкен істің алғашқы іргетасы еді. Сөйтіп қазіргі Астананың орнына жайғасу тарихына да осы жылдың көп әсері болды. 1994 жыл. Елдің ішкі жағдайы әлгіндей болғанда, негізгі басымдық әлі де сыртқы саясатта болып табылатын. Қазақстанның Ядролық қарусыз әлемге ұмтылған ғаламдық бастамасы да дәл осы жылдың еншісінде. Расында қуаты жағынан әлемнің төртінші ядролық қаруынан бас тарту арқылы жас Қазақстан өзінің бейбіт даму үлгісін жер жаһанға паш етті. Бұндай игі бастама БҰҰ секілді халықаралық ұйымдардан кеңінен қолдау тауып, әлемдік көшбасшы саясаткерлер Қазақстанның, оның Тұңғыш The presidentі Н. Назарбаевтың ядролық қарусыз дамудағы лидерлігін сөзсіз мойындап келеді. Соның жарқын дәлелінің бірі жақында Астанада өткен «Ядролық қарусыз әлем үшін» халықаралық форумы екені анық. Осынау алқалы жиында сөз сөйлеген Елбасы : «Қазақстан өз таңдауын жасап, қуатты қарудан бас тарту арқылы жаһандық қатерден жоғарыға көтерілдік, біздің еліміздегі және бүкіл әлемдегі ядролық қарусыз әлем тарихына қарай қағидатты қадам жасай алдық», ‑ деп мәлімдеген болатын. Расында да, бұл әлеуеті жағынан әлемдегі төртінші зымырандық‑ядролық қару еді. Сөйтіп 1993 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Ядролық қаруды таратпау туралы Келісімге қосылу туралы» қаулы қабылдаса, 1994 жылдың 16 ақпанында Елбасы Н. Назарбаев Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан өз еркімен қуатты қарудан бас тартып, ядролық қаруы жоқ ел ретінде осынау зұлматпен күрестің алғашқы баспалдағын қалады. Расында да бұндай қадам Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтпаса, әлсіреткен жоқ. Өйткені Ядролық қарудан бас тарта отырып, Қазақстан оның орнына сол кездегі жетекші ядролық державалардан - АҚШ, Ресей, Ұлыбританиядан еліміздің қауіпсіздігінің халықаралық кепілін талап етіп, 1994 жылдың соңына қарай оған да қол жеткізді. Кейіннен бұндай кепілдемеге Франция мен Қытай да қосылды. Бұл да жас Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет ретіндегі халықаралық аренадағы лайықты, маңызы зор жетістігі еді. 1994 жыл: - 10-11 қаңтар ‑ ҚР The presidentі Н.Назарбаев Өзбекстанда ресми сапармен болды. Мемлекет Басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов екі ел арасында біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы шартқа қол қойды. Қаңтардың 11 күні Нүкісте Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Ресей Федерациясының қатысуымен Арал теңізі бассейнінің проблемалары бойынша конференциясы өтті; - 20 қаңтар ‑ ҚР The presidentі Н.Ә.Назарбаев Украинаға ресми сапар шекті. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Леонид Кравчук Қазақстан мен Украина арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы Шартқа, The presidentтердің «Қазіргі дүние: қыр көрсету және қатерлер» атты Декларациясына, екі мемлекет арасындағы қатынастардың жаңа көкжиектерін ашатын басқа да Қазақстан-Украина құжаттарына қол қойылды; - 28 қаңтар - 1 ақпан ‑ ҚР The presidentі Н.Ә. Назарбаев Давос қаласында өткен (Швейцария) Бүкіләлемдік экономикалық форумға қатысты; - 13-18 ақпан ‑ ҚР The presidentі Н.Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары болды. Келіссөздер нәтижесінде Қазақ­стан және АҚШ The presidentтері демократиялық ықпалдастық хартиясына қол қойды. Тоқтала кететін жайт, Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің ешбірі де АҚШ-пен мұндай келісім жасаспағанын айтсақ та жеткілікті. Бұл жас мемлекетіміздің аса көрнекті мәмілегерлік жетістігі еді. - 16 ақпанда ‑ Қазақстан ядролық қаруы жоқ ел ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойылды; - 16 ақпан Нью-Йоркте Қазақстан The presidentі Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас Хатшысы Бутрос Б. Галимен кездесуі өтті. Осы кездесу барысында Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясына постконфронтациялық кезең бойынша арнайы сессиясын шақыруға ұсыныс жасады; - 18 ақпан ‑ Париж қаласындағы Елисей сарайында ҚР The presidentі Н.Ә. Назарбаев пен Франция The presidentі Франсуа Миттеранның жұмыс бабындағы кездесуі өтті; - Ата Заң негізінде 1994 жылы наурыз айында алғаш рет парламенттік сайлау өткізілді. Сол жылы парламент таратылды; - 19 наурыз ‑ ҚР The presidentі Н.Ә. Назарбаев Municipal publicна іссапармен келген АҚШ Қорғаныс министрі Уильям Перриді қабылдады; - 20-23 наурыз - ҚР The presidentі Н.Ә. Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары болды. Сапар барысында екіжақты ынтымақтастық негізін қалайтын құжаттарға қол қойылды; - 23-24 наурыз ‑ ҚР The presidentі Н.Ә. Назарбаевтың Испания Корольдігіне ресми сапары болды; - 28-30 наурыз ‑ ҚР The presidentі Н.Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясына бірінші арнайы сапары орын алды. The president Н.Ә. Назарбаев Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзінде Еуразиялық одақ идеясын ұсынды; - 6-9 сәуір - ҚР The presidentі Н.Ә. Назарбаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары өтті. Сапар барысында Жапония Императоры, Премьер-министрі, саяси қайраткерлері және елдің іскер топ өкілдерімен кездесті; - 12 сәуір - ҚР The presidentі Н.Ә. Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Австралия генерал-губернаторы Уильям Джордж Хэйденмен кездесті; - 21 сәуір ‑ The president Н.Ә. Назарбаев Municipal publicнда адам өлшемі мәселелеріне қатысты семинарына келген ұлттық азшылықтар ісі бойынша Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Жоғарғы комиссары Макс ван дер Стулды қабылдады; - 25-28 сәуір - ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьері Ли Пэннің Қазақстанға ресми сапары өтті. Келіссөздер барысында Н.Ә. Назарбаев пен Ли Пэн Қазақстан - Қытай шекарасы жөнінде, Қытайдың Қазақстанға мемлекеттік несие беру және гуманитарлық көмек беру, халықаралық жүк және жолаушылар тасымалын дамыту және тағы да басқа келісімдерге қол қойды; - 30 сәуір - Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасында Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі шартқа қол қойылды; - 27 мамыр ‑ Қазақстан НАТО-ның «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасына қосылды: БҮС негізгі құжатына қол қойылды. Қазақстан бұл бағдарламаның 19-мүше мемлекетіне айналды; - 30 маусым - Қазақтың екінші ғарышкер ұлы Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты; - 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылдады; - 21-25 қыркүйек ‑ ҚР The presidentі Н.Ә.Назарбаевтың Италия Республикасына ресми сапары болды. Сапар барысында The president Н.Ә.Назарбаев Италия Премьер-министрі С.Берлусконимен кездесті; - 25-28 қыркүйек ‑ ҚР The presidentі Н.Ә.Назарбаев Сауд Арабиясына ресми сапармен барды. Н.Ә.Назарбаев Король Фахд Бин Абдель Азизбен, Тақ мұрагері Абдалла бин Абдель Азизбен, Қорғаныс және авиация министрі принц Султан бин Абдель Азизбен кездесті; - 16-17 қазан ‑ ҚР The presidentі Н.Ә.Назарбаев Түркияға ресми сапар жасады; - 1 желтоқсан ‑ ҚР The presidentі Н.Ә.Назарбаев ресми сапармен келген Моңғолия The presidentі П.Жасрайды қабылдады; - 4-8 желтоқсан - ҚР The presidentі Н.Ә.Назарбаев Венгрия Республикасына ресми сапармен барды. Н.Ә.Назарбаев Будапеште ЕҚЫҰ-ның қатысушы мемлекеттері және үкімет басшыларының жұмысына қатысты; - 5 желтоқсан - Будапеште Ұлыбритания, Ресей және АҚШ басшылары Қазақстан Республикасына қауіпсіздік кепілдігін беру туралы меморандумға қол қойды. ҚР The presidentі Лиссабондық хаттамаға қол қойды; Бұл жайында Елбасы Н. Назарбаев «Ғасырлар тоғысында кітабында: «1994 жылғы 5 желтоқсанда, ЕҚЫҰ-ның Будапештегі мәслихаты кезінде шын мәніндегі тарихи оқиға болды. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшарттың депозитарийлері Ресей Федерациясы, АҚШ, Ұлыбритания тарапынан Қазақстан қауіпсіздіге берілетін кепілдіктер туралы Меморандумға қол қойылды. Онда аталмыш мемлекеттер ЕҚЫҰ қағидаларына сәйкес, Қазақстанның қазіргі шекарасының мызғымастығын, тәуелсіздігі мен егемендігін қадірлейтіндіктерін куәландырды. Қазақстанның саяси тәуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына қарсы күш қолданбауға, экономикалық зорлық-зомбылық көрсетуден бас тартуға міндеттеме алынды. Біз бұл кепілідктерді Қазақстанның қарусыздану жолындағы жауапкершіл саясатына берілген лайықты жауап деп санаймыз. Кейін мұндай кепілдіктер ҚХР мен Франция үкіметтері тарапынан да берілді». - 14 желтоқсан ‑ Алматыда Республика Сарайында Т.Рысқұловтың, С. Қожановтың, С. Сейфулиннің, І.Жансүгіровтың және Б.Майлиннің туғанына 100 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. «Бүгін міне, бес арыстың Тұрар Рысқұловтың, Сұлтанбек Қожановтың, Сәкен Сейфулиннің, Ілияс Жансүгіровтың, Бейімбет Майлиннің туғанына жүз жыл толуына орай ерекше жағдайда тағы да бас қосып отырмыз.Тұрар, Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Сұлтанбек ағаларымыз ғұмыр бойы тәуелсіздікті арман еткен еді. Сол жолда күрескен еді. Сол жолда халқы үшін шырылдап, шыбын жанын құрбан еткен еді. Міне, тәуелсіздік таңы атты. Азат ел атандық. Дегенмен, атымыз да азат, затымыз да азат болуы үшін әлі де талай шаруа атқаруға, Сәкен ағамыз айтқан «тар жол, тайғақ кешуден» өтуге тура келеді. Бұл - қайырлы сапар, қасиетті жол. Ол жолдан біз тайMayмыз», ‑ деді ҚР The presidentі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев аталмыш салтанатты жиында сөйлеген сөзінде; - 18 желтоқсан ‑ ҚР The presidentі Н.Ә.Назарбаев Алматыға келген Латвия The presidentі Гунтис Улманиспен кездесті.

Похожие публикации:

10 желтоқсан 2020 Құттықтаймыз!!!