Information » №31 мектеп
Municipal public public institution
«Secondary school №31»
Education Department of Almaty
Reception room:
+7(7272) 57-08-68
bookkeeping:
+7(7272) 57-08-69
Version for
visually impaired
» » Information
03
қараша
2020

Information

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
1. БЖБ және ТЖБ жүргізуге балалар мен ата-аналардың дайындығының деңгейіне мониторинг жүргізу (құрылғылар мен Интернет мүмкіндіктерінің болуы, қажетті қосымшаларды орнату, пайдалану бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтарды әзірлеу).
Берілген уақытта тапсырмаларды орындауда қиындыққа ұшырайтын немесе орындай алMayтын оқушыларды анықтау, жұмыс түрін ойластыру және оқушылар мен ата-аналарға көмектесу.
2. Алдын-ала ата-аналармен БЖБ және ТЖБ жұмыстарын жүргізу кезеңінде  оқушылардың   жұмыс орны мүмкіндігінше дайын болу керек екендігі туралы ескерту жұмыстарын жүргізу керек. Жұмыстың теріс нәтижесіне әсер етуі мүмкін барлық факторларды жою керек. Балаңызға жағымды жұмыс ортасын жасаңыз.
3. Parents баланың жұмысы үшін қажет нәрселердің бәрімен қамтамасыз етуін ұсынамыз: мазасыздық пен алаңдаушылықтың алдын алу мақсатында  сабаққа қажетті оқу құралдары (қағаз, қаламдардан бастап, қажетті кесте, сызбалармен, сөздікпен және т.б.)
ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бастауыш буын. Кіші мектеп оқушылары қашықтықтан білім беруде үлкен қиындықтарға кезігеді: ересектер үнемі қадағалаMay нәтижелі жұмыс істеуге жеткілікті уәждеме мен еріктік сипаттама бермейді. Сондықтан БЖБ және ТЖБ  кезеңінде ересектердің бақылауы міндетті! Бірақ ата-аналар бақылау кезінде келесі алгоритмді ұстанған жөн: «Мен қадағалаймын және қажет болған жағдайда бағыт беремін!»
Ортаңғы буын, жоғарғы буын.
Қашықтықтан оқыту жағдайында есту және сипап-сезу арқылы қабылдайтын оқушыларды ескере отырып, БЖБ және ТЖБ жұмыстарын  көріп қабылдауға бағдарланған материалдарды ұсыну.
Сәттілік және жақсы  нәтижелер тілейміз!!