"Оқуға құштар мектеп"жобасы » №31 мектеп
Municipal public public institution
«Secondary school №31»
Education Department of Almaty
Reception room:
+7(7272) 57-08-68
bookkeeping:
+7(7272) 57-08-69
Version for
visually impaired
» "Оқуға құштар мектеп"жобасы
07
қараша
2022

"Оқуға құштар мектеп"жобасы

03.11  "Кітапхана қызметі-кітап оқудың негізгі факторы тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. мектеп кітапханашысы Н.Даулетова өз баяндамасында:«Адамды адам еткен—кітап, адамзат еткен—кітапхана», —деген болатын ҚР-ның халық жазушысы Ә. Кекілбаев.  Кітап оқу арқылы адамның жан дүниесі тазарады, әлемге, жанындағы адамдарға басқаша көзқараспен қарай бастайды, өмірге махаббатпен қарауды үйренеді, мәселелерді ақыл көзімен саралайды.  Сонымен қатар,  адамның шығармашылық қабілетін дамытады,креативтілікке әкеледі және ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамытады деп атап көрсетті.
"Кітап оқитын адам-табысты адам" атты педагогтар арасында пікірталас ұйымдастырылды. Адамдардың қатары екіге бөлінеді:кітап оқитындар мен кітап оқитындарды тыңдайтындар.Неге екені өзінен-өзі белгілі,әлемді ақылды,білімділер ғана басқара алады.Ал неге бізге үнемі ұлы,дана тұлғалардың сөздері қажет болып тұрады,неге біз соларды қызыға тыңдаймыз,білмегенімізді біліп,айтқандарын есте сақтаймыз? Әлемдік ірі бай,миллионер, күніне кемінде бір сағат кітап оқитыны анықталған.Расында,оқусыз күніміз—бос күн! деген сөздермен ойталқыланды.