Сенбілік » №31 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№31 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7272) 57-08-68
Есепші бөлімі:
+7(7272) 57-08-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Сенбілік
20
наурыз
2019

Сенбілік

20.03.2019ж. күні №31 жалпы білім беретін мектеп аумағын тазалау, көгалдандыру  бойынша наурыз мейрамы қарсаңында сенбілік өткізілді.                         

Сенбілік басталмай тұрып, мектеп оқушылары мен қызметкерлері аумақтарды тазарту кестесін алып,  өзара тазалау аймақтарын бөліп алды.                                         

Мектеп  жолдарын сыпыру қыздарға бұйырса, көгалдан шыққан сынған бұтақтардан тазалап, қыс бойы үйілген қоқысты жинау жігіттердің қолына өтті.                    

Жиналған қоқыс пен сынған бұтақтарды үлкен жүк көліктеріне тиеп, мектептен алып кетіп жатты.                                                                                                             

Бүгін біздің мектептің барлық қызметкерлері сенбілікке шықты, себебі бұл барлық азаматтар үшін ортақ міндет болып табылады, өйткені қаламыз Ұлы Наурыз мейрамы алдында таза, әдемі болуы керек деп есептейміз. Айналаны тазалап, ретке  келтіру – әрбір адамның борышы, сондықтан біз осындамыз », – деді мектеп қызметкерлері.Сенбілік
Сенбілік
Сенбілік
Сенбілік
Сенбілік
Сенбілік
Сенбілік
Сенбілік
Сенбілік
Сенбілік